Қазақстанда блогерлер салық төлейтін болды
Премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанда қанша блогер барын және олардың салықты қалай төлейтінін айтты.
Оның айтуынша, Қазақстанда 400-ден астам блогер бар.
"400-ден астам блогер тіркелген. 2023 жылы олар 200 миллион теңгеден астам салық төлеген. Егер олардың қызметі бизнеске қатысты болса, әрине, салық төлеуі керек. Бұл үшін арнайы салық режимі бар. Жүктеме 1 пайыздан 4 пайызға дейін", – деді Жамаубаев.
Министр блогерлердің жұмысы монетизацияланбаса және кәсіпкерлікпен ешқандай байланысы болмаса, олар салық төлемейтінін жеткізді.