Қазақстанның берешегі – 162 миллиард доллар

Oinet.kz 15-01-2024 3704

Қазақстанның сыртқы қарызы 162 млрд долларға (73 триллион теңге) жетті. Айтуынша, Қазақстанның экономикасы ауыр халде. Мұны экономист Мақсат Халық Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында мәлімдеді. 

756614468818762.jpg

Оның айтуынша, Қазақстанның қарызы бір жылда 1,3 миллиард долларға көбейген.

“Бұл қарыздардың қайда, не үшін кететінін нақтылып қараған жөн. Әрине, басқа Орталық Азия елдерінде мұндай қарыз жоқ. Алайда елге инвестициялардың да келіп жатқанын ұмытпауымыз қажет. 100 миллиард доллар инвестиция елді дамытуға жұмсалады. Ол –дипломатияның арқасы. Алайда инвестицияның қандай салаға, қай өндіріске салынатынына мән берген жөн”, – деді экономист.

Экономистің айтуынша, қарыздың бәрі үкіметтікі емес. “Самұрық” сияқты квазимемлекеттік компанияларға да тиесілі болуы мүмкін. Ол қарызды көптеп ала берудің салдарын атап, елде тапшылық басталып кеткенін мәлімдеді.

“Қазақстан қарызды халықаралық инстуттардан алады. Олардың пайыздық мөлшері азайғанымен, қарызды доллармен беріп, доллармен қайтаратынын ұмытпаған жөн. Доллармен қайтарғанда оның бағасы өзгеретінін ескерсек, Қазақстанның әл-ауқаты бұған қаншалықты жететінін ойлау керек. Себебі мұның соңы дефолтқа әкеледі. Оның ақыр соңы тәуелсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін”, – деді Мақсат Халық.

Ол ұлттық қор резерві қарыз мөлшерімен пара-пар екенін де тілге тиек етті. 

Қазақстанда блогерлер салық төлейтін болды
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16%-ға дейін төмендетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу