Шардарбеков: «Назарбаев халыққа қатты ренжіп жатыр»
Генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев Talk like арнасына берген сұхбатында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа деген ренішін жеткізді.
"Нұрсұлтан Әбішұлы халық шығып, "шал кет" дейді деп ойлаған жоқ. Ол кісі "халқым мені сүйеді, мені жақсы көреді" деп ойлады. Ал енді мынаның бәрін көріп, өкпелеп жатыр. "Мына халық мені түсінбеді" дейді. Димаш Ахметұлы кеткен кезде Назарбаев екеуінің арасы әке мен баладай болған. Жарты жыл ішінде аралары суып кетті. Билікке келгеннен кейін (Назарбаев - еск.) оны сөйлеттірмеді, ештеңе істтетірмеді. Кішкене кешірімді болуы керек еді. Ол кісіге көп керек пе? Бір көлік бере сал, теледидардан сөйлеттіре сал, кітап шығар. Істемеді ғой. Ал енді өз басына келуі мүмкін. Қазіргі Президент екеуінің арасы жақсы болды ғой. Қаңтардағы ісі үшін Қасым-Жомарт Кемелұлы өкпелеуге құқығы бар. Димаш Ахметұлы Назарбаевты баласындай көрді, барлық жағдайын жасады. Димаш Ахметұлы адам таңдаудан адамгершілік жағынан қателесті", - деді ол.