Қайрат Сатыбалдыға қатысты тағы да тергеу жүріп жатыр
Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға қатысты тағы да қылмыстық істер қозғалды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов хабарлады. Оның айтуынша, Қайрат Сатыбалдыға қатысты бір іс сотқа өтсе, бір іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
– Қайрат Сатыбалдыұлына байланысты агенттік қылмыстық жолмен алынған активтерді жылыстату фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі аяқтап, сотқа жіберді, – дейді антикордың ресми өкілі.
Ресми өкілдің айтуынша, Қайрат Сатыбалдыұлының қылмыстық жолмен алынған қаражатқа және заңсыз ақшадан түскен пайдаға түрлі мүлікті (оның ішінде шетелде сатып алған), оның ішінд ақшаны Қазақстан және шетелдегі банк шоттарына салған. Сондай-ақ, екінші фактіге байланысты салық төлеуден жалтару бойынша сотқа дейінші тергеу жүргізіліп жатыр.