Дулат Исабеков Сара Назарбаеваның қылмыстарын жайып салды
Танымал жазушы Дулат Исабеков Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Назарбаеваның кемшіліктерін айтты. Бұл туралы ол "Адал адам" арнасы берген сұхбатында мәлімдеді.
"Бөбек" қорындағы Сара Назарбаеваның өзі қылмыскер. Талай ақшаны алып алып, ақша аударған адамдарды жоқ қылып жіберіп жатты. Бұның бәрі жабулы қазан күйінде қалды. Ешкім білмейді. Қарап тұрсаң, криминальная семья. Әрине, патша болған соң өлім жазасы, жазалау деген болады. Әрине егер жазалау заңды түрде болса жақсы. Бірақ Назарбаевтардың жазалауы жасырын түрде болады. Кім істегенін білмейді. Олар осылай жазалаудың әдісін меңгерген, - дейді Дулат Исабеков.
Еске сала кетейік, Сара Назарбаева "Бөбек" қорын ашып, талай жетім балаға көмектескен. Мектепте "Өзін-өзі тану" пәнін ашып, балалардың бойындағы қабілеттерді ашуға тырысты.