Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Украина Президенті Владимир Зеленский Британияның Channel 4 арнасына берген сұқбатында майданға қосымша жарты миллион солдат мобилизациялаудың әзірге қажеттілігін көріп тұрмағанын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Былтыр желтоқсанда өткізген баспасөз конференциясында Владимир Зеленский Украина қарулы күштерінің бас штабы 450-500 мың адамды мобилизациялауды сұрағанын мәлімдеген. Тағы да мобилизация керектігі жөнінде Украина әскери барлауының басшысы Кирилл Буданов та айтқан. «Адам күші жетіспей жатыр. Мобилизациясыз мүмкін емес» деген Будановтың Financial Times баслымына берген сұхбатын Би-Би-Сидің Орыс қызметі жариялаған. Былтыр желтоқсан айының ортасында Украина үкіметі мобилизация мен әскери есеп мәселесін жетілдіру туралы заң жобасын Жоғарғы Радаға ұсынған. Бұл жоба бойынша, әскерге алынатын жас шамасы шегерілген.
Ал Президент кеңсесінің жетекшісі Андрей Ермак Украина Ресеймен соғыста стратегиялық қорғанысқа көшеді деген идеяны жоққа шығарды. Бұл жөнінде ол француздың Le Figaro басылымына берген сұхбатында мәлімдеген. Сұхбат сілтемесін телеграм-арнасында жариялаған Ермактың пікірінше, Украина қорғаныспен ғана шектеліп қалмайды, себебі мұндай тактика соғыста үзіліс жариялауға жол ашуы мүмкін. «Біз Путинмен соғыста үзіліс жариялауға ешқашан келіспейміз», деді Ермак. Украина басшысы Владимир Зеленский соғыста майданның қазіргі сызығында «үзіліс жариялауға» қарсы екенін бірнеше рет мәлімдеген, себебі оның пікірінше, бұл Ресейге қайта күш жинап, әскери өндірісті қалпына келтіріп, жаңа соққы жасауға мүмкіндік береді. Дегенмен Ермак қазір майданда жағдай күрделі екенін мойындады: Украина әскеріне адам мен ресурстар жетпей жатыр. Олар «бұдан әрі шабуыл жасай алмайтынын» жеткізді. Украина әскері 2023 жылы жазда қайта шабуылға шығып, шектеулі жетістіктерге жеткен. Ал кейінгі аптада майданда негізінен Ресей әскері шабуылдап жатыр. Бірақ, олардың да қарқыны бәсеңдеген. Ермактың сөзінше, қазір Украинада мобилизация туралы заң жобасы мен жаңа әскери стратегия талқыланып жатыр.
Украиналық шенеуніктерге сілтеме жасаған Financial Times газеті Ресей 2024 жылы жазда Украинада үлкен шабуыл ұйымдастыруды жоспарлайтыны туралы жазды. Басылым Ресей Украинаның Донецк, Луганск, Херсон, Запорожье облыстарын толық басып алуға тырысады деп болжайды. Газеттің дереккөздері Ресей Харьков пен Киевті алуға да талпынып көруі мүмкін екенін айтқан. Financial Times аты-жөні аталмаған шетелдік шенеуніктің сараптамасына сүйеніп, «2024 жылы екі жақтың бірі алға жылжуға мүмкіндігі аз екенін» жазды. Украина мәселесімен айналысып жүрген шенеунік «қорғаныс шебін ұстау, Ресейдің әлсіз тұсын іздеу, алыс қашықтыққа ұшатын қарулармен шабуылдау Украинаға биыл күшін арттыруға және 2025 жылы қарымта шабуылға шығуға мүмкіндік ашатынын» айтқан. Газеттің дереккөзі Украина осы тактиканы ұстанса, 2025 жылғы қарымта шабуылда айтарлықтай мүмкіндігі болады деп санайды. Украина қорғаныс министрлігі бас барлау қызметі «Бұл біздің бағамыз емес, сондықтан Financial Times мақаласына қатысты пікір айту орынсыз» деп мәлімдеген.