Қымбат Досжан шетелдіктердің қазақ балаларына не себепті әуес екенін айтты

Oinet.kz 22-01-2024 2659

Белгілі тележурналист Қымбат Досжан қазақстандық қанша баланың із-түссіз жоғалып кеткенін, 2000 жылдары сәбилердің ағзасын саудаға салумен байланыстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Сұрауы бар" Youtube-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скрин

Қымбат Досжанның айтуынша сол кезде перзентхана қызметкерлері мен балалар үйі қызметкерлерінің дәурені жүріп тұрған. 

“2000 жылдары жасы жиырмадан асқан алданып, шалыс басқан, күйеуі тастап кеткен, ақшасы жоқ қыз-келіншектердің балаларын қайткен күнде де перзентханада алып қалу саясаты тұрды. Емізуге бермейді, өлтіріріп аласың деп қорқытып, “өкпеңде тесік бар” деген сылтаумен баланы алып қалып, әйелді ұзақ уақытқа емделуге жібереді. Ол келгенде баласын таппай қалады. Мұның негізгі себебі – бизнес деп ойлаймын. “Ел құлағы - елу", халықтың аузына қақпақ бола алмайсың ғой. Маған жазғандар болды, келіп айтқандар да болды. Халықтың жады өшпейді. Сол кездегі Балалар үйінің қызметкерлерінің қолында бума-бума ақша жүрген. 2000-жылдардың басында саудагерлер базарда тұрғанда бағасына қарамай киім-кешек, тамақ сатып алып жүрген”, – дейді журналист сол кезеңді еске алып.

Қымбат Досжан шетелдіктердің не себепті қазақ балаларын асырап алуға әуес екенін айтты.

“Қазақтың қанының тазалығы бала асырап алудағы ең басты критериі екен ғой. Дархан Қыдырәлі мырза айтпақшы, лай су ішіп, қара нан таппай жүрген Оңтүстік Африкаға, Кенияға балаларымызды асырып жіберетіндей басымызға не күн туды? Масқара ғой. 30 баланың ізі де жоқ. Оларды тірі деп ойламаймын. Шырқыратып екпе салып, қатыра салған шығар деп ойлаймын. Неге біз Израиль болсын, Германия болсын, бұл елдерде адам ағзасының банкі мықты дамыған деп айтамыз. Олар да кейін дамыған үшінші, төртінші елдер дейді ғой, мүмкін солардың балаларын алатын шығар.   Кениялықтар біздің балаларды алып, соларға сатып жіберген шығар. Неше түрлі ой келеді”, – дейді ол күдігін жасырмай. 

Астанадан Шымкентке бағытталған пойыз жол апатына ұшырады: Қаза тапқандар бар
Маңғыстауда мұнай сервис компаниясының жұмысшылары президентке бейнеүндеу жолдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу