Астанадан Шымкентке бағытталған пойыз жол апатына ұшырады: Қаза тапқандар бар
Астанадан Шымкентке бағытталған пойыз жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Желідегі мәлімет бойынша, екі теміржол қызметкері қаза тапқан.
21 қаңтарда сағат 7:27-де Шығанақ-Шоу учаскесінің Жиделі-Бірлік аралығында теміржол көлігінің екі қызметкерімен жазатайым оқиға орын алды. Салдарынан екі қызметкер қайтыс болды.
Пойыз машинисі жедел тежеуді іске қосқанымен, алайда қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмаған.
"Барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы барды. Тексеру басталды. ҚТЖ қызметкерлердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтады және оларға қажетті көмек көрсетеді", - делінген ҚТЖ баспасөз қызметінің ресми жауабында.