Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Жолдауында Қазақстандағы атом электр стансасын салу бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтерген болатын. Осы мәселе бойынша жария талқылаулар еліміздің біраз өңірінде өткізілді.
Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Қазақстандағы атом энергетикасын дамыту және атом электр станцияларын салу мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында бірқатар сарапшыларды тарта отырып, жария талқылаулар Алматы облысының Үлкен ауылында, Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Өскемен, Шымкент, Түркістан, Тараз және Жезқазған облыстарында өткізілді. Ендігі кезекте еліміздің Ақтау, Атырау және Орал қалаларында өтіп отыр. Алда еліміздің қалған облыс орталықтарында өткізі жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мурсалованың айтуынша, жария талқылау атом энергетикасы саласындағы ғалымдар, жетекші мамандар мен сарапшылардың, экологтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес өкілдерінің, ғылыми ортаның өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылуда. Одан бөлек, тақырып аясында Қазақстанда атом энергетикасын дамыту перспективаларын талқылау мақсатында дөңгелек үстелдер, пікірсайыстар, пікірталастар, форумдар өткізілуде. Сонымен қатар алда атом электр стансасын салу бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу мүмкіндігі туралы да сөз қозғалуда.
- Талқылау барысында сарапшылар Қазақстандағы атом энергетикасын дамытудың қажеттілігі мен негіздемесін көрсетіп, бірінші атом электр стансасын салу жобасы, заманауи атом электр станцияларының қауіпсіздік деңгейі, жұмыс принциптері мен әсер ету деңгейі туралы әңгімелейді. Атом электр станцияларының қоршаған орта мен адам денсаулығына қатысты мәселелерін талқылады, атом энергетикасының артықшылықтарын, сондай-ақ адамдарды толғандыратын мәселелерді талқылайды – дәстүрлі түрде әрбір іс-шара барысында жергілікті тұрғындар мамандарға сұрақтарын қойып, атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өз пікірлерімен бөліседі. . Бұл ретте ықтимал тәуекелдер, қауіпсіздік шаралары, экономикалық негізділік, сондай-ақ жобаны қоғамдық бақылау тетіктері жиі талқылануда, - дейді министрлік өкілі.
«Қазақстан атом электр станциялары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Тимур Жантикин айтуынша, бүгінгі таңда тұрғындар тарапынан қойылатын сұрақтың бірі – «Қазақстан атом электр станцияларының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қолданады?».
- Қазіргі уақытта біз Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен бірлесе отырып, ел тұрғындарымен ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Оның барысында облыс тұрғындарын заманауи ядролық технологиялардың артықшылықтары мен қауіпсіздігі туралы егжей-тегжейлі хабардар етудеміз. Жуырда Ақтөбе, Ақтау мен Орал қалаларында жария талқылау өткіздік. Онда да осы сұрақ көтерілді. Ядролық энергетикалық қауіпсіздік мәселелері, оның ішінде экологиялық мәселелер АЭС жобаларын қарастыру кезінде негізгі тірек болып табылады. Сондай-ақ ол республикалық деңгейде де, халықаралық деңгейде де кең ауқымды нормативтік құжаттармен реттеледі. Атом электр станцияларының қоршаған ортаға және халыққа ықтимал әсері туралы айтатын болсақ, онда бұл мәселе бойынша энергия көздерінің басқа түрлерімен салыстырғанда атом энергиясының маңызды артықшылықтарын көрсететін көптеген әртүрлі зерттеулер жүргізілді. Атом электр станциялары қоршаған ортаны түтін және басқа газдар, күл, күйе, мұнай өнімдері болуы мүмкін ағынды су сияқты заттармен ластамайды. Атом электр станцияларының табиғи ортаға зиян тигізбейтінін растау олардың әртүрлі елдердегі жұмысының көп жылдық тәжірибесі болып табылады. Жалпы АЭС қоршаған ортаға теріс әсер етпейді.
Біз Балқаш көлінің су балансына атом электр станцияларының әсері туралы мәселені бөлек қарастырып жатырмыз, мұнда бірінші қазақстандық атом электр станциясын салу ұсынылып отыр. Станцияның салқындату жүйесінде градирняларды (реакторлар емес – олар сыртқы су көздерін пайдаланбайды) пайдалану кезінде жобалық су шығыны жылына 63 миллион текше метрді құрайды, бұл Балқаштың табиғи булану көлемінің шамамен 0,3 пайызын құрайды. Мұндай ағынның көлдің су балансына ешқандай әсер етпейтінін мамандар жақсы біледі. Бірақ атом электр станциясының 100 жылдық жұмыс кезеңін ескере отырып, ұзақ мерзімді климаттық өзгерістердің Балқаштың су балансына әсерін болжау жұмыстары жүргізілуде, оның нәтижелері станцияның салқындату жүйелерін жобалау кезінде ескерілетін болады, - дейді ол.
Атом энергетикасын дамыту ұзақ мерзімді міндет болып табылады, оны шешу атом электр станциясының қызмет ету мерзімін ескере отырып, келешекте кемінде жүз жыл бойы Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, егер біз әлемдік қоғамдастықтың климат мәселелеріне назарын арттыру жағдайында ел экономикасының жасыл трансформациясын және оның тұрақты дамуын қолдағымыз келсе, энергияның көміртегісіз генерацияға көшуін қамтамасыз ету маңызды. КОС-28 және Брюссельдегі ядролық энергия жөніндегі саммитке қатысушылар айтқанындай, бұл проблемалардың барлығын ядролық энергетикасыз шешу мүмкін емес екенін қазір көптеген адамдар түсінеді.
«Қазіргі уақытта радиоактивті қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу туралы заң жобасы әзірленуде, онда оны басқару қағидаттары, инфрақұрылымы және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу процесіне қатысатын мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың жауапкершіліктері егжей-тегжейлі қарастырылады. Тәжірибелік деректерді Маңғыстау атом электр станциясындағы БН-350 реакторын пайдаланудан шығару бағдарламасын жүзеге асырудан алуға болады, Айтпақшы, бұл Қазақстанда көп жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан атом электр станциясы.
Егер болашақ атом электр станциясы туралы айтатын болсақ, онда 3 және 3+ буынды қысымды су реакторлары бар заманауи атом электр станцияларында бір жылда 50-60 текше метр түрлі радиоактивті қалдықтар түзілетінін айту керек. Қуаты 2,8 гегават болатын АЭС 60 жылдан астам жұмыс істегенде 8400 текше метрге дейін қатты радиоактивті қалдықтар түзілуі мүмкін. Мұндай қалдықтарды қауіпсіз өңдеудің технологиялары әзірленді және олардың құны белгілі. Атом электр станциясын өндіру құнын есептеу кезінде радиоактивті қалдықтарды өңдеуге және жұмсалған (немесе қазір айтқандай, сәулеленген) ядролық отынға арналған барлық шығындар ескеріледі.
Екі ұғымды – пайдаланылған ядролық отын мен радиоактивті қалдықтарды нақты ажырату қажет. Көптеген елдерде пайдаланылған ядролық отын қалдық болып саналмайды, өйткені оның құрамында жанбаған уран және қосымша плутоний өндіреді, ол ядролық отын айналымына қайта қосылады, яғни пайдаланылған отын құнды ресурс болып табылады. Біз оны қайта өңдейміз бе, әлде жай сақтап, көмеміз бе, бұл пайдаланылған ядролық отынды басқару тұжырымдамасын қабылдауға байланысты. Қазақстандық атом электр станциясын салу мен пайдаланудың қаржылық-экономикалық моделін құру кезінде екі тәсіл де қарастырылады және есептеледі. Қалай болғанда да, Қазақстан қабылданған халықаралық тәжірибені ұстанатын болады», - дейді Тимур Жантикин.