Қоршаған ортаға зияны жоқ жобаның тиімді тұсы көп

Oinet.kz 30-06-2024 105

Еліміз атом электр станциясын салу бойынша референдум өткізбек. Дегенмен халық арасында бұл бастамаға қарсылар да жоқ емес. Атом электр станциясын салу керегін көпшілікке қалай түсіндіре аламыз? Оны салмаған жағдайда келешекте қандай зиянын көруіміз мүмкін? осы тақырып қазіргі кезде өте өзекті мәселелердің біріне айналды.

Screenshot_90.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізілетіндігі туралы мәлімдеді. Атом электр станциясын салу қажет пе, жоқ па деген сауалға қатысты түрлі пікір бар екені де белгілі.  

«Қазақстан атом электр станциялары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Тимур Жантикиннің айтуынша, бүгінгі күні Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстанда атом электр станциясы (ҚАЭС) атом энергетикасының артықшылықтары туралы халық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде. ҚАЭС-тің ұйымдастыруымен атом саласының мамандарының республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбаттары ұйымдастырылып, атом энергетикасының даму перспективалары туралы ақпарат таратылуда. Сондай-ақ, ҚАЭС әр түрлі мақсатты аудиториялар арасында атом энергетикасы туралы дөңгелек үстел, семинар, конференция, пікірталас форматтарында іс-шаралар өткізуде. 

- Бүгінгі таңда еліміздің әрбір аймақтарында атом электр станцияларын салу жөніндегі жария талқылаулар өткізіліп, халықпен кездесулер ұйымдастырылуда. Эксперттер атом электр станцияларына қатысты барлық сұрақтарға жауап беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізілуде.  Жалпы біздің елімізде электр энергиясын генерациялайтын жабдықтардың тозуы 70 пайыздан астамды құрайды. Әлем елдері мен Еуропалық Одақтың жасыл энергетиканы қолдау мақсатында көміртектің ауаға таралуын азайту көзделген. Сондықтан Қазақстан Республикасы Атом энергетикасын дамыту және атом станциясын салу барлық санаттағы тұтынушыларды, оның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындар мен халықты үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін неғұрлым қолайлы болып табылатынын айтқым келеді. Қазақстанда АЭС салу экономиканың барлық салаларына, сондай-ақ ғылымға, білімге, әлеуметтік салаға оң мультипликативтік әсер етеді, жоғары технологиялық, ғылымды қажетсінетін технологиялар мен аралас салалардың жедел дамуына мүмкіндік береді, - дейді Тимур Жантикин. 

Жария талқылауда тұрғындардың жиі қойылатын сұрақтың бірі – атом электр станциясы құрылысына шамамен қанша қаржы кетеді және алғашқысын қай облыс аумағына орналастырған жөн? Мамандардың айтуынша, 2800 мегаватқа дейінгі екі блоктан тұратын АЭС құрылысының шамамен құны 10-12 миллиард долларды құрайды. «Келешекте техникалық-экономикалық негіздеме кезінде АЭС құрылысына кететін сома есептелетін болады. Атом электр станциясын салатын ауданға келетін болсақ, оның бірі – Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен кенті, екіншісі Абай облысы Курчатов қаласының ауданы қарастырылған. Параметрлер бойынша АЭС салу мүмкіндігі үшін қарастырылған екі аудан да іс жүзінде тең. Алайда, Үлкен ауылы ауданының бірқатар инфрақұрылымдық артықшылықтары бар екенін атап өткен жөн. «Балқаш» ЖЭС-нің іске асырылмаған жобасының алаңы бар. Бұл алаң ірі энергия объектісін салу үшін белгілі бір дайындық дәрежесіне ие. Атап айтқанда: жабдықталған жұмыс кенті салынды, ауыз суды дайындаудың өнеркәсіптік қондырғысы салынды, алаңды тегістеу бойынша жұмыстар жүргізілді, негізгі жабдықтар мен су жинау үшін аяқталмаған іргетасы бар шұңқыр қазылды және басқа да жұмыстар жүргізілді. Бұл инфрақұрылым АЭС жобасында пайдалануға жарамды. Осы параметрлерді ескере отырып Қазақстанның оңтүстігінде Үлкен ауылы ауданында қуаты 1,4 гегаватқа дейінгі және жалпы қуаты 2,8 гегаватқа дейінгі екі блоктан тұратын атом электр станциясын (АЭС) салу ұсынылып отыр» дейді ол.

Атом электр станциясының қоршаған ортаға зиянды әсерінің болмауы атом энергетикасының негізгі басымдықтары мен қағидаттарының бірі болып табылады. Бұл тақырыпты көптеген халықаралық институттар, соның ішінде АЭХА белсенді зерттеуді жүргізуде. Мамандардың айтуынша, алаңды таңдау кезінде АЭС орналасатын потенциалды аудандардың гидрометеорологиялық жағдайына бағалау жүргізілді, желдің жылдамдығы мен бағыты туралы деректер зерттелді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерімен қатар сейсмика және су тұтыну мәселелері мұқият зерттелді. АЭС-тің заманауи технологиялары, мысалы, құрғақ градирняларды пайдалану, осы мәселелерді сенімді шешуге, атап айтқанда, су тұтыну көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, АЭС қоршаған ортаны мұнай өнімдері бар, түтін газдары, күл сияқты заттармен ластамайды. АЭС табиғи ортаға елеулі зиян келтірмейтіндігін растау оларды әртүрлі елдерде пайдаланудың көпжылдық тәжірибесі болып табылады. Сонымен қатар, АЭС қолданатын елдерде станция маңында балық аулаудан жарыс ұйымдастырылады. Радиациалық әсердің жоқтығына көз жеткізу мақсатында жарыс кезінде балықты аулап қана қоймай радиологиялық зерттеу жұмыстары жасалады.

Бір сөзбен айтқанда ғалымдардың тұжырымы бойынша елімізде салынатын атом электр станцияларының қоршаған ортаға еш зияны жоқ. Жалпы ұлттық референдумағ шығарылған тұста халық қалыс қалмай, өз таңдауын жасары анық. Қалай болғанда да елдің экономикасын көтеруге, энергия тапшылығын жоюға бағытталған жоба ел тарапынан қолдау табады деген үміттеміз.

Ақтөбеде өткен жария талқылауда халық референдумның өткізілуін қолдады
Ел болашағын АЭС елестету мүмкін емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу