Ақтөбеде өткен жария талқылауда халық референдумның өткізілуін қолдады

Oinet.kz 30-06-2024 87

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы халыққа арнаған Жолдауында елімізде атом электр станциясын салу-салмау мәселесі жалпыұлттық референдум арқылы шешілетінін мәлімдеген. «Қазақстан үшін таза атом энер¬гиясы¬ның мәні зор. Бұл – ел экономикасының болашағына тікелей әсер ететін айрықша маңызды мәселе. 

Screenshot_89.jpg

Біз табиғи уран өндіру көлемі жағынан әлемде бірінші орын аламыз. Ядролық отын компоненттерін де өзіміз өндіре¬міз. Сол себепті мен еліміздің аума¬ғында атом электр стансасын салу жайына айрықша мән бе-ремін. Түптеп келгенде, энергети¬ка қауіпсіздігі мәселесін геосаяси мүд¬де емес, нақты қажеттілік пен мүмкін¬дік¬тер тұрғысынан қарастырып, ғылыми зерттеулер негізінде шешкен жөн», дейді Президент. 

Жалпы соңғы жылдары энергия өндірісіне деген сұраныс артып келеді. Одан шығатын бірден-бір жол баламалы энергия көздерін арттыру. Соның ішінде атом энергиясын дамыту мәселесі де күн тәртібінде тұр. Өйткені Қазақстан да қазірдің өзінде энергия тапшылығы бар елге айналып келеді.  Сондықтан елдің пікірін білу мақсатында елімізде жария талқылаулар өткізілуде. Осындай жария талқылау жуырда Ақтөбе қаласында болып өтті. Облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасымен өткізілген жария талқылауға облыс орталығының тұрғындары, қоғам қайраткерлері мен экологтар, сондай-ақ энергетика министрлігінің, «Қазақстандық атом электр станциялары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Ұлттық ядролық орталық және Ядролық физика институтының өкілдері қатысты. Талқылау барысында қазіргі атом станцияларының қауіпсіздігі, олардың жұмыс істеу принциптері және қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсер ету деңгейі бойынша мәселелер талқыланды. 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің атом энергетикасы және өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мурсалова өз сөзінде атом электр станциясының құрылысы елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызды екенін атап өтті. 

- Белсенді генераторлық көздер ең жоғары жүктемелерді қамтымайды. Қазақстандандағы электр станциялар, олардың көпшілігі көмір электр станциялар, өткен ғасырдың 70-80 жылдарынан бастап жұмыс істейді. Олар алдағы жылдары өз ресурстарын сарқып жатыр, сондықтан оларды біртіндеп пайдаланудан шығару керек. Қазірдің өзінде олардың тозуы 70 пайыздан асады. Бұл ретте энергия тұтыну жыл сайын өсуде. АЭС көмірсутек ресурстары мен энергияны сырттан тұтынуды азайтатын сенімді энергия көзі болып табылады. Энергия тұтынудың артуы және төмен көміртекті экономикаға көшу қажеттілігі жағдайында атом энергетикасы оңтайлы шешім болып табылады, - дейді Гүлмира Мурсалова.

Өз кезегінде, «Қазақстандық атом электр станциялары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Тимур Жантикин қазіргі уақытта атом электр станциясының әлеуетті құрылысы үшін аудан таңдау бойынша зерттеулер жүргізілгенін атап өтті. 

- Біздің компания екі ауданды зерттеді. Бұл Абай облысы, Курчатов ауданы және Алматы облысы Үлкен ауылы. Зерттеу нәтижелері бойынша екі аудан да электр станциясын орналастыруға жарамды. АЭХА қорытындысына сәйкес атом электр станциясын Балқаш көлінің жанында орналастыруға кедергі келтіретін факторлар жоқ. Бұған дейін атом электр станциясының 13 түрлі жобасы ұсынылған болатын. Олардың төртеуі таңдалды. Бұл барлық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін және экономикалық көрсеткіштері жақсартылған 3 немесе 3+ буынының реакторлары, - деп атап өтті Тимур Жантикин.

Сондай-ақ, сарапшы АЭС құрылысы экономиканы және өнеркәсіптің аралас салаларын дамыту үшін мультипликативті әсер беретінін, сондай-ақ жұмыс орындарын құруға ықпал ететінін атап өтті. Мәселен, атом электр станциясын салу кезінде 8 мыңға дейін адам жұмыспен қамтылады, ал станцияны пайдалану кезінде тікелей 2 мыңға дейін жаңа жұмыс орны құрылады. Оның айтуынша, АЭС құрылысы Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырады. 

«Ядролық физика институты» РМК бас директоры Саябек Сахиев атом электр станциясын салу идеясын да қолдайды. Ол Ядролық физика институтының базасында су-суды зерттеу реакторы – болашақта Қазақстанда салынатын атом электр станциясының прототипі жұмыс істейтінін атап өтті. 

- АЭХА-да АЭС және зерттеу реакторлары үшін қауіпсіздік талаптары бірдей. Сондықтан біздің реактордың 57 жыл ішінде бірде-бір оқиға болған жоқ. Сонымен қатар, атомдарды экономиканың барлық салаларында: өнеркәсіпте, медицинада, ауыл шаруашылығында, азық – түлік өңдеуде және тағы басқа жақсы мақсаттар үшін пайдалануға болады, - дейді ол.

Оның айтуынша, атом электр станциясы – бұл экологиялық таза, сонымен қатар ел тұрғындарын 100 жыл бойы үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз ететін негізгі электр энергиясы. С. Сахиев атом саласының ұлттық кәсіпорындарының біліктілігінің жоғары деңгейін және кадрлық әлеуетін атап өтіп, Ядролық физика институтында жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер туралы айтып берді. 

«Президентіміз мәселенің қарама-қайшылығына қарамастан, атом энергетикасын дамыту Қазақстан азаматтарының экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін өте маңызды екенін атап өтті. «Біздің елімізде атом электр станцияларын салудың орындылығы туралы әр түрлі пікірлер бар екенін білесіздер. Бір жағынан, Қазақстан әлемдегі ең ірі уран өндіруші ретінде өзінің атом генерациясына ие болуы керек. Кейбір мамандар шағын реакторлары бар станциялардың құрылысын қолдайды. Екінші жағынан, көптеген азаматтар мен бірқатар сарапшылар атом электр станцияларының қауіпсіздігіне алаңдайды» деді. Мұнда Мемлекет басшысы Семей ядролық полигонының қайғылы мұрасын ескере отырып, жекелеген азаматтардың алаңдаушылығы түсінікті екенін атап өтті. Оның пікірінше, осы мәселе бойынша қоғамдық тыңдаулар мен жан-жақты талқылауды жалғастыру қажет. Міне, біз жалпыұлттық референдум өткізгенін қолдаймыз, әрі оған дейін осы мәселені халық арасында қайта көтеріп, түсіндіру жұмыстарын бұдан кейін де жалғастыратын боламыз», - деді жиын қорытындысында Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері. 

Кездесуді қорытындылай келе, қатысушылар АЭС салу жобасы туралы жұртшылықты одан әрі хабардар етудің және Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға байланысты мәселелерді талқылауға азаматтарды белсенді тартудың маңыздылығын атап өтті.

Орал қаласында АЭС энергетикасын дамыту жайы кеңінен талқыланды
Қоршаған ортаға зияны жоқ жобаның тиімді тұсы көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу