Маңғыстауда оқушы қыздар төбелесіп, бір-бірін аяусыз тепкінің астына алған

Oinet.kz 23-10-2025 250

Маңғыстау облысында жасөспірім қыздардың көшедегі кезекті төбелесі видеоға түсіп қалды. Қақтығыстың себебі белгісіз, бірақ жасөспірімдер қазір тергеуде, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_54.jpg

Желіде оқушы қыздар арасындағы қиян-кескі төбелестің видеосы тарап кетті. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 18 қазанда Жаңаөзен қаласында болған.

Төбелеске қатысушылар анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді.Кәмелетке толмағандардың заңды қамқоршылары Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабы “Балаларын тәрбиелеу мен оқыту бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамау” бойынша жауапкершілікке тартылды. Оларға 10 АЕК (39 320 теңге) айыппұл салынады.

Материал кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданып, жасөспірімдердің өздері профилактикалық бақылауға алынды.

Ақтөбеде мүлік дауына ілініп, негізсіз психиатрияға жатқызылған бес баланың анасы ауруханадан шығары
БҚО-да суицид жасаған оқушы көмек сұраған: Мектеп психологы мұны елеусіз қалдырған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу