«Мәйітін жертөлеге тастап кеткен»: Қаскелеңде 21 жастағы қыздың өлімі жайлы сұмдық дерек шықты

Oinet.kz 20-10-2025 330

Алматы облысында 21 жастағы қыздың өлімі бойынша күдікті ретінде оның жігіті ұсталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

Бойжеткеннің мәйіті екі күн бұрын өз үйінің жертөлесінен табылған.

Қайғылы жағдай Қаскелең қаласында болған. Көршілерінің айтуынша, бойжеткен жігітімен кездесуге шыққан бойы үйіне қайта келмепті. Ертесі анасы іздеу салып, полицияға хабарлайды.

Маңайдағы камералар тексерілген. Марқұмның мәйітін сол күні түнгі сағат үш шамасында әлдекім сүйреп әкеліп, үйінің жертөлесіне тастап кеткен көрінеді. Күдікті ретінде деп 20 жастағы жігітпен марқұм бес жылдай кездесіп жүрген. Көршілерінің айтуынша, екі жақ етене араласып, тойға да дайындалған. Қазір осы жағдайға қатысты полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.

— Жігіті екен ғой деп айтып келгенді естідік. Шынын білмейміз, кім екенін. Ашық қыз болатын, сөйлесіп, амандасып кететін. Сонысын ғана біледі екенбіз, - Роза Қалбекова КТК арнасына берген сұхбатында.

«Шалбар киген жігіт болсаң»: Блогер Жан Ахмадиев атышулы Олжас Байділдиновті жекпе-жекке шақырды
Алматыда жасөспірімдер жетім қызға зорлық көрсеткен видеоны сатып, 45 мың теңге пайда көрген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу