Шымкент қаласына жаңа әкім тағайындалды
05-09-2023
Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин депутаттардың ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру туралы ұсынысына пікір білдірді.
Брифинг барысында журналистер Серік Жұманғариннен ең төменгі жалақыны көтеруге бюджеттен қаражат қарастырыла ма деп сұрады.Шенеунік қазіргі таңда басты назар мемлекеттi тұрақтандыруға бөлініп отырғанын және мықты база қалыптастыру қажет екенін айтты.
"Менің ойымша, алдымен негізін дұрыс қалау керек. Ең төменгі жалақыны көтеру, жалпы бұл мәселелер – таяу уақытта болады деп ойлаймын. Бұл нәрселер бізде үнемі қарастырылып отырады. Әрине, әрбір қазақстандыққа жақсы жаңалық айтқымыз келеді. Бірақ сәл сабыр сақтайық, себебі қазір бұның бәрі алаңдаушылық тудырып отыр", – деді вице-премьер.
Бұған дейін Серік Жұманғариннен Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшерін қайта қарау қажет пе деген сұрақ қойылған еді. Ол кезде де Үкімет мұндай көрсеткіштерді үнемі қайта қарап отыратынын айтып, елдегі бағаның өскенін мойындаған болатын.
"Менің ойымша, ол ақшаға өмір сүру мүмкін емес еді, бірақ ең төменгі жалақы – бұл есептік көрсеткіш. Яғни, ол деңгейден төмен жалақы есептелмеуі керек. Бұл біреуге міндетті түрде ең төменгі жалақы төленуі керек дегенді білдірмейді", – деді Серік Жұманғарин.
Айта кетейкі, бұған дейін Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшерін 85 000 теңгеден 110 000 теңгеге дейін көтеру ұсынылды.