«Маған қазақ тілінің қажеті жоқ»: Қазақ тілін үйренудің қажеті жоқ екенін айтқан қыз сынға ұшырады

Oinet.kz 23-10-2025 289

Әлеуметтік желіде қазақстандық бойжеткеннің қазақ тіліне қатысты айтқан сөзі қызу талқыланып жатыр. Ол видеода қазақ тілін үйренуге ниеті жоқ екенін ашық білдірген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Көкшетаулық қыз орыс тілінде сөйлеуді таңдағанын, ешкім оны қазақ тілінде сөйлеуге мәжбүрлей алмайтынын айтқан. 

"Маған қазақ тілінің қажеті жоқ, өйткені ол тілде сөйлеспеймін. Мен тек орыс тілінде сөйлеймін. Бұл – менің таңдауым. Ешкім мені қазақ тілін үйренуге міндеттей алмайды. Маған оның қажеті жоқ. Себебі қазақ тілін күнделікті өмірде қолданбаймын. Кімге қазақ тілі қажет, солар үйренсін", – дейді ол.

Қыздың айтуынша, оның айналасындағы адамдардың бәрі орыс тілінде сөйлейді. Сондықтан қазақ тілін меңгеруді маңызды деп есептемейді екен.

"Маған “мемлекеттік тілді білу міндет” деп айтады. Бірақ ондай міндетті сезінбеймін. Достарым, жақындарым бәрі орысша сөйлейді. Қазақша сөйлесем, олар түсінбейді, тіпті таңырқай қарайды", – дейді қыз. 

Аталған жағдайға қатысты Stan.kz тілшісі Ақмола облыстық полиция департаментінен мән-жайды сұрап білді. Полиция мәліметінше, бұл жағдай осыдан 2 жыл бұрын болған. 

“Бұл оқиға 2023 жылдың қазан айында болған. Әйел дереу анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінген хабарламада.

Қыздың пікірі қоғамда екі түрлі пікір тудырды. Бір бөлігі оны қолдаса, енді бірі мемлекеттік тілді құрметтеу керегін айтқан. 

Желі қолданушыларының бір тобы қыздың көзқарасын түсінуге болатынын айтты. Олардың сөзінше, қазір қазақ тілін білмей-ақ Қазақстанда өмір сүруге, жұмыс істеуге болады.

"Ол дұрыс айтады. Қазақ тілі оған мүлде қажет емес. Бүкіл өмірін қазақ тілінсіз-ақ өткізе алады. Елімізде бүкіл қызмет орыс тілінде қолжетімді, айналасындағы адамдар да орысша сөйлейді. Сондықтан бұл қызға тілді білудің қажеті жоқ. Талап қоюдың орнына мемлекеттен неге барлық құжат айналымы, білім мен медицина саласы толық қазақшаға көшпегенін сұрау керек".

"Бұл жерде мәселе қызда емес, мемлекетте. Егер барлық ресми жүйе қазақ тіліне көшсе, бәрі өздігінен үйренер еді. Ал әзірге ондай қажеттілік жоқ".

"Қыз ешкімді қорлаған жоқ, тек өз ойын айтты. Әр адамның жеке пікірі бар. Иә, дөрекі сөйлеген, бірақ жек көру немесе ұлтқа тіл тигізу байқалмайды".

Қоғамның екінші бөлігі мұндай пікірлерді мемлекет пен тілге құрметсіздік деп қабылдады.

"Жеке пікір айтуға болады, бірақ оны көпшілік алдында дөрекі түрде жеткізу арандату санатында. Елде тіл мәселесі онсыз да күрделі. Мемлекеттік тілді менсінбеу – мемлекетті менсінбеумен тең".

"Қазақ тілін білмей-ақ бәрін шешуге болатыны – жүйенің кемшілігі. Бұл қыздың кінәсі емес. Ол бар болғаны осы мүмкіндікті пайдаланып отыр. Ал қазақтардың өзіне орыс тілін білмесе, лайықты жұмыс табу қиын".

"Мысалы, Латвияда ел тілін білмейтіндерге уақыт беріп, үйретеді. Ал мүлде үйренбегендерді, білмегендерді елден шығарады. Бізде ондай заң жоқ, бірақ Қазақстанда тұрып, тіл мен халықты сыйламау дұрыс емес".

"Орыс мектептерінің көбі болашағын Қазақстанмен байланыстырмайды. Мектеп бітіре сала шетелге кетуді жоспарлайды. Сондықтан оларды тегін оқытудың да мәні жоқ".

Кей пікір иелері мемлекеттік тілге құрметсіздік танытқандарды заң жүзінде қатаң жазалау керек деп есептейді.

"Мұндай әрекеттерге жауапкершілік енгізу қажет. Мемлекеттік тілге құрметсіздік мемлекеттің тәуелсіздігіне нұқсан келтірумен тең".

2025 жылдың басынан бері 5,3 мыңнан астам қазақстандыққа арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалды
Ақмолада екі ер адам 12 жастағы қызды зорлап келген: Күдіктілердің біреуі бұрынғы полиция қызметкері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу