Атом электр стансасын салу – еліміздің индустриялық дамуына қажетті тиімді шешім

Oinet.kz 01-07-2024 93

Атом энергетикасын дамыту – ұзақ мерзімді міндет, оны шешу Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігі мен қауіпсіздігін кем дегенде жүз жыл бойы қамтамасыз етеді – дәл осы бүгінде атом электр станцияларының қызмет ету мерзімі қарастырылуда.

Screenshot_92.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан және Адал азамат» атты өткен жылғы халыққа арнаған Жолдауында «Атом энергиясын дамыту аса маңызды экономикалық және саяси мәселеге айналды. Атом электр станцасын салу қажет пе, жоқ па деген сауалға қатысты түрлі пікір бар екенін білесіздер» дей келіп, оны салу және салмауды алдағы уақытта жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп түйді.  

Әлемде электр қуаты қолданылмайтын сала өте сирек. Оған деген сұраныс күн санап өсіп келеді. Дүниежүзінде оның 80 пайызы көмір мен газ жағу арқылы, 11 пайызы атом электр стансаларынан және 9 пайызы жаңартылатын энергия көздерінен өндіріледі. Табиғи ресурстар біртіндеп таусылып келеді. Көмір жағудан атмосфераға өте көп зиянды заттар шығарылады. Өркениетті елдер өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін экологиялық жағынан таза әрі арзан жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға ерекше көңіл бөлуде. Атом электр стансаларынан арзан қуат өндіріп отырған мемлекеттер де аз емес. Бүгінде дүниежүзінде осындай 500-ге жуық станса бар екен. Оның дені АҚШ пен Еуропада орналасқан. 

Әлем елдерін алып қарайтын болсақ, Америка Құрама штаттарында осындай – 100, жер көлемі Қазақстанның бестен бір бөлігіндей ғана Францияда – 60, Қытайда – 50, ал Ресейде 30 атом электр стансасы бар екен. Америка мен Үндістан мемлекеттері келешекте әлі де 15-10 реактор салуды көздеп отыр. Ал әлемде жер көлемі жөнінен тоғызыншы орын алатын Қазақстанда әлі күнге дейін арзан қуат өндіретін осындай нысанның салынбауы – біздің көп игіліктен кешеуілдеп жүретініміздің айқын айғағы. 

Егер біз әлемдік қоғамдастықтың климат мәселелеріне көбірек назар аударуы жағдайында ел экономикасының жасыл трансформациясын және оның тұрақты дамуын қолдағымыз келсе, энергияның көміртегісіз генерацияға көшуін қамтамасыз ету маңызды. Көптеген адамдар қазір атом энергиясынсыз жасыл көшудің стратегиялық міндеттерін шешу мүмкін емес екенін түсінеді.

 «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикиннің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасы әлемнің жетекші ядролық технологиялар өндірушілерінің техникалық және коммерциялық ұсыныстарын белсенді түрде зерделеу сатысында. Бірінші қазақстандық атом электр станциясына ұсынылған 13 заманауи реактор жобасының төртеуі Қытай, Корея, Ресей және Франциядан таңдалды. Бұл қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған прототиптері бар жобалар, мұнда қауіпсіздік және экономикалық көрсеткіштер бұрыннан белгілі және тұтастай алғанда бәрі қалай салынып, жұмыс істейтіні анық.

- Біздің компания ұсынған АЭС-тің Қазақстанның оңтүстігінде Үлкен ауылының маңында орналасуы еліміздің энергетикалық жүйесінің сенімділігін арттыру және тұрақты генерацияны қамтамасыз ету үшін оңтайлы болып табылады. Жоба екі бірлік қуаттылығы 1,4 гегаватқа дейін және сәйкесінше жалпы станса қуаты 2,8 гегаватқа дейін болатын станция құрылысын қарастырады. Бұл сонымен қатар елдің оңтүстігіндегі базалық қуат тапшылығын жабуға көмектеседі. Жобаның жоспарланған ұзақтығы құрылыс туралы шешім қабылданған күннен бастап шамамен 10-11 жылды құрайды, - дейді ол.

Ядролық энергетиканың мультипликативті әсері жоғары сала екенін ескеру қажет. Атом электр стансасын салу кезіндегі бір жұмыс ілеспе салаларда жоғары технологиялық 10 жұмыс орнын ашады. Тек құрылыс барысында 8 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда, ал пайдалану кезеңінде стансада 2 мыңға дейін адам жұмыспен қамтылады.

Атом энергетикасы да 100 жылға сенімді, тұрақты энергия өндіруді қамтамасыз ететін еліміздің одан әрі индустриялық дамуының энергетикалық әлеуеті болып табылады. Қазір Қазақстанның көптеген маңызды өнеркәсіптік инвестициялық жобалары тұрақты энергия қуатының тапшылығына байланысты тоқтап тұр. Сондықтан отандық атом энергетикасын жүйелі дамыту жұмыстарын тезірек бастау өте маңызды. Оның үстіне Қазақстанда бұл үшін барлық жағдай жасалған.

Ел болашағын АЭС елестету мүмкін емес
Қазалы ауданының Майдакөл және Сарбұлақ ауылдық округтерінің әкіміне үміткерлер белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу