Әкемді анамның туған келіні тартып алды

Oinet.kz 12-05-2024 3456

Мен туылғаннан басталған қатал тағдырымды жазып жеңілдегім келді, мүмкін біреулерге сабақ болар. Ұзақ болса кешіресіздер. Мен 7 айлық болып туыппын. Маған екпе салғанда дұрыс болмай, содан ДЦП гиперкинетическая форма деген диагноз қойды.

Screenshot_14.jpg

Дәрігерлердің кесірінен 7 жасыма дейін жүре алмадым. Бармаған жерім, баспаған тауым жоқ. Анам небір дәрігерлерге, емшілерге апарды, əйтеуір жүрдім, шүкір.

Өзім әрең жүргенде ата анамның арасына анамның түған келіні от салып, əкемді өзіне дуалап алды, сол үшін үйімізден береке кетті. Күнде айғай-шу, тіпті анам екеуміз қыстың аязында көшеде қалған кезіміз болды. Үлкен бауырларым қалада оқуда жүрді, қиындықтын бəрін мен көрдім. Анама ажырас деп едім тыңдамай бəріне шыдады. Солай жүріп əкемді қайтардық қазір аралары жақсы. Аллаға шүкір.

Одан кейін менің өз өмірім басталды, маған ешкім ештеңе үйретпеді үй шаруасында басы-қасында өз сана сезіммен үйрендім. Алла маған денсаулықты кем қылып берсе де, түр мен ақыл-ес сана беріпті.

Маған түсінікпен қарап жақсы көріп сөз салғандар аз болған жоқ. Бірақ олардың туыстары, достары түсінбей маған дуалап алдың деген сияқты сөздер айтатын. Ал менің ең бірінші арманым бір үйдің келіні, біреудін сүйікті жары, аяулы ана болу еді7

Содан бір жігітпен жүрдім. Оның əпкесі де маған айтпағанды айтты. Меніңде үй ішім ұнатпады. Сонымен ұрсысып айырылыстық.

Одан кейін жолдасым кездесті. Басында жақсы дос болдық мен оған өзім туралы бәрін айттым. Ол сөз салды мен көнбеп едім, ақыры ол жеңді. Ол менің көрген қиындықтарымды ұмыттырды. Бақытты етем деп барын салды, шын сүйгенін дәлелдеді, мені бар кемшілігімен сүйді. Солай тұрмысқа шықтым. Бір үйдің келіні болдым.

Енді бақытты болам, бəрін жеңдім дегенде Алла ол бақытты да көп көрді. Жолдасымды Алла алып кетті аяқ асты.

Менің мұнды күндерім қайта айналып келді. Өз өзіме қол салдым да. Әлі күнге дейін сол ой келеді. Не істеймін білмеймін... Жалғыздықтан да шаршадым... Ендігі өмірім не болады соны ойласам өзімді қоярға жер таппай кетем. Мен мұнда жазып ішімді босатқым келді сыртым бүтін ішім түтін...

Аноним

Alashainasy.kz

Жездем маған ғана емес, менің қызыма да тиіседі екен
Күйеуімнің ауру анасы басыма бәле болды. Қалай құтыларымды білмеймін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу