Күйеуімнің ауру анасы басыма бәле болды. Қалай құтыларымды білмеймін

Oinet.kz 12-05-2024 3262

Бұл өмірде ең аңқау, сенгіш адам деп өзімді айта аламын. Басыма қанша тисе де, жерде жатқан тырманы қайта басамын. Бір жігітке толық сеніп, некесіз көтеріп қойғанмын. Кейін ол мені тастап кетті. 

Screenshot_15.jpg

Ұлымды аман есен босанып, бір жыл қасында аналық жылумен бөлісіп жазықсыз балама қараумен отырып қалдым. Кейін жұмысқа шықтым.  Үй жинап ақша табамын. Солай ойламаған оқиғаға тап болдым. 

Күнделікті тапқаным өзімен, баламнан артылмайды. Таршылықтан шығу жолын іздеймін деп бар амалды жасадым. 

Бір күні бір адамды жолықтырдым. Кездейсоқ тапсырыс кезінде солардың үйін жинап жүрген кезде. Үйдің егесі мені қайта-қайта шақыратын. Үлкен үй, үйінде жалғыз анасы мен өзі ғана тұрады. Бір жағынан олар менің аңқау жəне ашық мінезімді байқап сенім артты. Сонымен олармен байланысуымда көбейді. Ол үйдің егелері туралы да білдім. Жалғыз басты еркек жасы отыздан асқан, анасының кенжесі. Қалған апалары мен ағалары бөлек үй болып кеткен. 

Сол кезде маған басқа ұсыныс жасады сол үйдің егесі. 

"Менің анам туа біткен миында ақаулары бар, жасаған қылықтары да өз жасына сай емес. Менен үлкен əпкелерім мен ағаларым қараудан бас тартқан" деп.

Яғни қысқасы ол жігіт анасына қараймын деп жеке басына уақыт бөлмеген. Отбасы құра алмағаны да содан. Сол кезде ол маған үлкен ұсыныс жасады. 

"Маған тұрмысқа шық, жағдайыңың бəрін жасаймын" дегенде. Мен ойланбастан иə деп келістім. Өйткені менім жағдайым нашар болатын.

Келесі күні ешнəрсеге қарамастан анама тұрмысқа шығатынымды айттым. Ұлымды алып сол үйге бардым. Оларда білетін менің жағдайымды. 1 ші күні жұмысымен таныстым. Былай айтқанда жолдасым деседе болады мені анасымен тастап кетті. Қызықтың көкесі сол жерде болды. 

Басы істемейтін анасы маған тиісе бастады. Мен ешнəрсе болмағандай мəн бермедім үй шаруасын жалғастырып. Ас əзірлеген кезде кірісетін жолдасымның анасы. Сөзбенде тиісетін. Кейін түсіндім мен қайда келгенімді. 

Көбінесі менің жынды енем ұлы жоқта маған не бір қылықтар жасайтын. Ол мені сөзбен жылататын. Жасым не бары 22-ге енді ғана келген еді. Əлі отбасы дегенді не екенін сезіне білмеген мен, бұл мен үшін үлкен сынақ деп түсіндім. 

Менің жылағанымды көріп "əй тесік" деп одан сайын жылататын. Бір күні сұрадым. "Неге тиісе бересіз, мен сізге не жаздым" дегенде. 

Менің бұрыңғы өмірді айтып түрткілейтін. Иə мойындаймын, бұрын аңқаулықтан алданып қалдым, жəне қыз болмай шықтым. 

Одан бетер басқа сөздерменде тиісе бастады. "Əй қаншық, көрінгеннен қалған" деп атайтын. Сонымен ене мен келін арасындағы соғыста басталды. 

Бір айдан кейін мен ашуланып қарсы шыға бастым. Менде қалыспай енеме кəрі бұқа дегенде, ол менім шамымнан алып жерге жықты. Кəрі бұқаны қазір көрсетемін деп.

Өзі ірі денеле қара торы келген. Күшін айтатын болсам, өз жасына тың көрінеді. Жəне салмағыда менен екі есе ауыр. Шыбықтай денемен жеңіліп қалдым. 

Кешкісін жолдасыма шағымданып пəлеге қалдым. Осыған дейінде шағымданғанмын талай рет. Шыдашы сабыр етші деп жұбататып. Осы жолы ашуланып қолымды қысып жатын бөлмеге кіргізіп лекция оқыды. 

"Өзіңді біл қай жерден келгеніңді, анамның мінезін көтере біл, саған дейін анама ешқандай келін 1 аптаға шыдамайтын" деп түсіндірді. 

Мен сол кезде оның ашуын бірінші рет көргенім. Көзімнен жас шығып иə деуден басқа сөз айтпадым. Шамалы нəрсеге ашулана бермейтін жолдасымның көңіліне қарап қарсы алатын болдым ол күнен кейін. 

Бірақ енемнің тиісе беруі тоқтаған жоқ. Басқа да нəрсемен ойына келгенін жасады. Əй тесік деген сөзіне қарамастан аузымды ашпауға да тырыстым. Келесі күніде қасыма келіп тағы бастады.

"Əй жетпегір, сен мені сөзбенде күшпенде жеңе алмайсын. Сен түгіл шалдардың өзін күрестен жығамын" деп қорқытты. Кейін күліп кетіп қалды. 

Менде таңдау жоқ екенін түсінген, шыдаймын деп уəде бердім. Одан кейін де жолдасым ашулы болып келсе, бөлмеме кіріп кететінмін. Мен қасқыр енемнің алдында, үркіген қой болып жүрдім. 

Тағы бір күні ерте оянып алып, бейне түсіріп отырғанын көрдім. Өзі белсенді өмір ұстанымын жақсы көреді. Бос уақытында тікелей эфир жүргізіп ерсі қылықтар жасайтын. Жəне спортпенде айналысып жаттығулар жасайтын. Соданда онда күш көбірек деп ойлаймын. Бірақ бөтен адамдардың көзінше мені жамандамайтын. Анамада қаржылай көмегімді тигізіп арасында барып тұратынмын. 

Бір ай бойы қалай шыдағанымды білмеймін. Адам болғасын намысқа тиетін сөздер айтқасын, ашуымды ұстай алмай қалған кездерде болды. Дауысымды шығарып жылаған кезде, қасыма келіп одан бетер тілімен шағатын. Ешқашан маған келін деп айтқан емес. Менде одан жылы сөз күтпейтін болдым. Құлағым бір күн тыныш болса екен армандайтынмын. 

Оған қосы қасыма келіп артқы жағымсыз желін шығарып иіскететін. "Табиғи газдың дəмін сез" деп мазақ қылып. 

Бөлмеме кіріп еңіреп жылап, "мына қақпастан қалай құтыламын" деген сөзді естіп қойып. Мені тағы сынаудан өткізді бөлмемнен шығарып алып. Сүмірейіп сүмсік кейіпімді көрген енем, менім қолымды қайырып қинады. Одан кейін жамандамайтын да болдым. 

Шындығымды айтсам. Мен ешқашан кетем деген сөзді де айтпайтынмын. Жəне тұрмысқа ақша үшін шыққаным рас. Жолдасым бар жағдайымды жасады. Менде болса басқа жол жоқ. Ақыры енем маған тесік деп атайтын болды. Менде үйрендім оның ауыр сөздеріне. Қазір отбасымыз берік. Барлығы жақсы демеймін, ұлым үшін басқан қадамым.

Жарқанаттың шығармашылығынан

Әкемді анамның туған келіні тартып алды
Қайын атам зорламақшы болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу