Жездем маған ғана емес, менің қызыма да тиіседі екен

Oinet.kz 12-05-2024 2653

Кеш жарық. Мен де ішімдегі ешкімге айта алмайтын, жүрегімде қара дақ болып, қатып қалған сырымды айтсам деймін. Әке-шешеден ерте айырылдық. Үйелмелі-сүйелмелі 10 бала аңырап қалдық. Ағаларымның өмірге пысықтығынан еш нәрседен кенде болмадық.

Screenshot_13.jpgТоқырау жылдары қандай қиындықтар болсада, ауызбіршілігіміздің арқасында кішіміз үлкенімізді тыңдап, үлкендеріміз кішілеріне қамқор болып, әке-шешесіз болсақ та ел сүйсінетін, қызығатын ауызбірлікте өмір сүрдік.

Мектепті 1994 жылы бітіріп, қалаға оқуға түстім, ағаларым өте қатал болатын. Қызды ешқашан бөтен үйге қондырмайтын. Қала сыртында үлкен әпкем тұратын, тек соның үйіне қолғабыс қылуға ғана жіберетін. 3 курсты аяқтап, жазғы демалыс басталған уақыт. Әпкем үйіне дос келіншектерін қонаққа шақыратын болып, мені көмекке шақырды. Өздері 2 бөлмелі қоржын тамда тұратын. Қонақтарға дастарханды далаға жасағанбыз. Кенеттен жаңбыр жауып, үйге отыруына тура келді қонақтардың. Түн ортасынан ауып бара жатқан соң ұйқым келіп жиендерім жатқан бөлменің кіре берісіне қисайып жаттым. Әпкемнің күйеуіде сол бөлмеде ұйықтап жатқан.

Ұйықтап жатқанда бір ауыр нәрсенің көкірегіме басылғанын сездім. Жиендерімнің жатысы жайсыздау еді, солардың бірінің қолы немесе аяғы болар деп сілкіп тастап ұйықтай бердім. Бір шамадан кейін әлгі ауыр нәрсе көкірегіме қайтадан басылғандай болып, бір кезде мыжғылай бастады. Өмірімде денеме қол тимеген мен денемді қорқыныш билеп, үнім шықпай, не істерімді білмей қалдым. Әлгі ауыр қолды сілкіп тастап, жастықтан басымды көтеріп қалсам, әпкемнің күйеуі орнына қарай жылжып барады екен. Қорыққанымнан үнім шықпады, тіпті демалуға қорықтым. Әпкемдер көрші бөлмеде ойнап күліп отыр. Есік ашық болатын. Есік жабық болғанда құдай ұрып қаларма еді. Орнымнан жайлап тұрып, кіре беріске барып отырып, қонақтар кеткенше сол жерде отырдым. Ертесіне ерте тұрып, әпкеме қалаға кетуім керек деп кетуге асықтым. Әпкеме еш нәрсе айта алмадым. Ауылға келіп, өзімнен өзім жынды сияқты болып жүрдім. Шыдай алмай екінші әпкеме айттым ақыры екі ай өткен соң. Екеуміз әбден жыладық.

Екінші әпкем неде болса, ішіңде болсын, бастысы тиіспесе болды. Әпкеңе айтқанмен ол сенсе жақсы, сенбесе өзің жек көрінішті боласың. Әйтпесе ол күйеуінен ажырасып кетсе, үш баласымен қайда барады, қайтып күн көреді деп айтпауға бекіндік. Сонымен жылдар өтті, тұрмысқа шықтым, 1 қыз, 1 ұлым бар. Әпкемде қыз жоқ болғандықтан қызымды көмекке шақырып тұратын. Бұрынғы оқиғаны ұмытпасамда, есіме түсе қоймайтын. Дәл сол оқиға қызымның басына келеді деп ойламаппын. Бір күні қызым түнде жылап, енді әпкенің үйіне жібермеңізші, әпкем түнде сыртқа шығып кеткенде ата келіп төсіме тиісті дегенде, не естіп, не дегенімді білмеймін. Есімді жисам, қызымды құшақтап ұйықтатып отыр екенмін. Әйтеуір қызымның одан ары ешнәрсе істеп үлгермеді деп айтқаны есімде қалды. Содан кейін әпкемнің үйіне қызымды жібермейтін болдым, өзімде бармайтын болдым. Сонда жылдар бойы өзім қиналып, әпкемнің отбасы ойран болмасын деп жылдар бойы арқалап жүрген ауыр жүк, қызымның басына түскенде шыдай алмадым.

Әпкеме айттым ақыры. Сенесіз бе? әпкем сенбеді. Өтірік деді. Менің қорланғанымай сол кездегі. Маған жезде сымағым тиіскенде 19 да болатынмын, қандай қиналдым сол кезде, ал қызыма тиіскенде ол небәрі 12 де болатын. Жаным қызымның жан дүниесі қандай болғанын өзімнен артық еш кім түсінбес. Әпкемнің мағанда, қызыма сенбегеніне жүрегім ауырды. Мен әпкемді ойлап, оның отбасын ойлап айтпағанымды түсінгісі келмеді.

Бай іздеп өліп тұрғаным жоқ, бірақ...
Әкемді анамның туған келіні тартып алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу