Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Отыз жасыма дейін мен ешқандай қызбен болған емеспін. Яғни пәк жігіт болдым. Қанша үйленемін деп талпынсамда жолым болмайтын. Көшеге шыққан сайын жұп-жұп болып жүрген ерлі зайыптыларды көрсем намысыма тиетін. Туыстарымда қашан үйленесің деген сөзбен тығырыққа тіреп адамды ұялтатын. Сыныптастарымен де араласудан қалдық. Олар өздері бөлек ватцап арқылы сыныптастар деген топ ашып алған. Менің олармен араласатын ортақ əңгімем болмағасын, мен бөтен қойдай сезінетінмін.
Бөлінгенді бөрі жейді дегендей, менде таныс достарымда болмайтын. Анамнан басқасы барлығы мені сөгетін неше түріліні айтып. 30 жасыма дейін мамасының баласы деген атаққа иə болдым.
Анам кезінде саудагер болды. Сауданың дүркіреп тұрған заманында ақшаны айналымға жіберіп, жеке өз басына үйдің бір бұрышында шағын ғана орынды сатып алған. Сатып алған сауда орынына өз заттарынан сатумен қоса, қалған бос жерлерін жалға беретін. Жеміс-жидек пен тұрмыстық ұсақ түйектер сатылатын. Дүкенімізде арақ шарап сатылмайтын. Газдалған тəтті сусындар мен азық түліктерге толтыратынбыз.
Анам өзі саудаға кірісетін. Таныстары да көп болатын. Анамда менің сандалып жүріп қалғанымды қаламайтын.
"Ұлымау, уақыт деген зымырап өтіп кетеді. Жасыңда отызға жақындап қалды. Мен тірі тұрғанда үйленіп үй болып кет" деп айтатын.
Жеке басымызда пəтер болмасада, дүкеннің бір бұрышын ұйықтау үшін жатын бөлме қылып алғанбыз. Қанша жерден сауда орынын шағын деп атағанымен. Ішкі жағы төрт бөліктен тұратын. Соның салдарынан бізге сол дүкеннің ішінде түнеп жұмыс істеу қолайлы.
Отыз жасыма дейін 2 жылдың ішінде не бір қызықты бастан кештім. Дүкенде анам екеуміз бір бірімізді ауыстырып кассада отырамыз. Саудалаған адамдардың əңгімесінде тыңдаудан жалықпайтынбыз. Мойындаймын, жас қыздар алдымнан өткенде мойным бір бұрылып оларға да көзім түсіп кететін. Бейтаныс қыздармен танысуға батылым жетпей, жар іздеумен жүрген мен нəтижеме мəз болмайтынмын. Менің қалаған жарым келбетті, көрікті, ажарлы, сұлу болғанын қалайтынмын. Шынайы өмірде бетпе бет сөйлеспесемде, ғаламтор желісімен танысып кездескендер болды. Не түрткі болғанын білмеймін. Танысқан кездескендердің барлығы екінші кездесуден бас тартатын. Басым салбыраған мен анама келін əкелуге жарамадым.Шынымды айтсам неше рет танысып кездескенімді айта алмаймын. Біреулер менің сөйлеген сөзімнен қашса, ал басқалары мінезімнің тұйықтығынан жалығатын. Бұрын көңіле алып талпынбаушы едім. Ал қазір бəрі бір қайтпауға тырысамын. Бəлкім тағдырыма жазылған жар кездесер деген үмітпен өз өзімді жұбатумен жүрдім.
Ойламаған сəтте дүкеннің ішіне бір қыз кірді. Есіктен кіріп табылдырықты аттаған бетте оған қарап мен тамсандым. Сұлулығына сөзім жетпейді, аузымнан сілекей ағатындай. Тіпті бетінде міні жоқ. Не деген жаратылыс деп ойлаған мен. Екі көзім қараудан жалықпады. Оның жүрген əрбір қадамы бір керемет болып көрінді. Оның шашы желпілдеген сайын кеудеме жылы леп барғандай болды. Оның барлық жеріне тесіліп қарадым. Кассаның қасынан өтіп ары қарай кіріп, кішігірім керек жарақты алып қайта келгенде. Мен қобалжып асып сасып қалдым. Бұрын ол қызды көрмегенмін. Жақында көшіп келгенін бірден білдім. Қас кірпігі табиғи сұлулыққа толы жаратылысымен, қолындағы заттарын кассаның алдына қойып қарызға алсам болама дегенде. Мен ойланбастан иə деп келісімді бердім. Сол уақытта ол аты жөнін айтып жазып қойған едім. Оған дейін қаншама қызды көрсемде, дəл олай жүрек соғысы дүрсілдемеуші еді. Өмірі ондай сұлу қызды көрмеген мен, қайта келсек екен деген оймен болдым.
Арада бір апта өтпей Ақжарқын есімді қыз қайта келді. Қарызын төлеп жағдайын түсіндірді. Солай 5-6 күнде саудалап жəне қарызғада алатын. Негізі дүкен болғасын қарызсыз болмайды. Қарыз алмаған көршілерімізде аз.
Күз айларыда өтіп күн суи бастады. Қыстың келе жатқаны сезіліп, ауа райы бір жылып кешке салқындайтын. Солтүстік болғасын əр мезгіл өз кезегімен келетін. Қысы қақаған аяз, жазы ыстық. Ақжарқынды кейде көретінмін, апталап келмей кеткені де байқалатын. Баяғы əдеттегідей қарызға керек жарағын алатын. Соңғы айларда ол қарызын кешіктіріпте төлей алмайтын. Уақыт өте мен Ақжарқын туралы білдім. Əке шешесі ішімдікке салынған. Анасы аналық құқықтан айырылып бөлек кеткен. Əкесі жылулық танытпасада, қолынан келгенін жасайды. Солай мен ойламаған сəтте Ақжарқынмен сөйлесіп кеттім.
Ол қыздың қиын тағдырды басынан кешкенін білдім. Əке шешесінен де жылулық көрмеген. Арасында оның көңіл күйі де болмай жүретінде содан.
Қыс мезгілі басталып Ақжарқынның қарыздануы да жиі қайталанды. Бір жақсы жері ол келіп жағдайын түсіндіретін. Анам қанша қарсылық танытсада мен көндіретінмін. Күндердің күндерінде, қараңғы түсіп дүкенді іштен жауып алғанымда. Анам менен үлкен ағама кеткен болатын. Арасында ол да жалығытын саудагерліктен. Дүкенді жауып өз өзімен тыныштықта отырғанымда, түңгі 11 лер шамасында Ақжарқын хабарласты. "Қайда барарымды білмеймін, көмектесші" деп
Мен оны аяп дүкенге кіргізгенмін. Қол аяқтары дірілдеп, қыстың суығына шыдамай үйінен қашып кеткен көрінді.
Сол күні əкесі ішіп алып аямай ұрған еді. Осы жағдай айына бір неше рет қайталанғасын, мен анама оның жағдайын түсіндіріп қонып түнеуге рұқсат беретінмін. Сол кезде басталды Ақжарқынмен жақын араласуым.
Ақжарқын менің ойымша оның сұлулығы таудай алтынан қымбат болып көрінгенмен. Басынан кешкені қаңғыбас иттің тағдырана ұқсас деп мұңын айтатын. Əкесі өзіне ұқсас ішімдікке салынған əйелді тауып алып, Ақжарқының тапқанын ішімдікке сұрайтын. Мектеп бітірген қыз жоғары оқуға түспеген. 18 жасынан табыс табу үшін кішігірім жұмысқа орналасқан. Əкесінің тұрып жатқан жеріде жалдаған пəтер. Ақжарқын толық шешімге келіп менімен бірге тұратын болды. Бірақ барлығы мен ойлағандай болған жоқ. Ол менен жасырынып ішімдік ұрыттайтын жəне тығылып темекі шегетін. Онымен қоса оның ішінде бір айлық сəби бар екенінде білдік. Оны бір жігіт алдап пайдалын кеткен. Осының барлығын біліп ашылып айтқанымда. Ақжарқын көз жасын төгіп жасырғаны үшін кешірім сұрады. Мен үндемей болған іс болар деп қабылдадым. Оның барар жері болмағасын пана іздеген жағдайын түсініп екеуміз үйлендік. Анама ештеңе айтпадым. Тек біздің үйленгенімізді біліп қолынан келгенін жасады. Той жасамадық. Ақжарқының ішіндегі жазықсыз сəбиді өз атыма алуды шештім. Анамада айтым бала менен деп. Іштегі сəби 9 ай толып Ақжарқын ұл босанды. 2 жыл ішінде ішімдігін тоқтату үшін емдеттік. Анам үшеуміз пəтер жалдап, сауда орынын жалға бердік. Соның ақшасына күн көрдік. Қазір Ақжарқын емін жалғастырып жүр. Ішімдікке деген құмарлығын бірден қоя алмады. Онымен қоса кішкентай кезінде басына соққы алғаны бар. Мінезінен көп байқалатын, тұрып-тұрып ашуланып кетуі.
Екеуміз үйленгенде оның жасы 21 де еді менен 9 жасқа кіші.
Психолог Жарқанаттың хатынан,
Ватсаб нөмірі 7 707 922 9085