Әжем әбден қайыр сұрап үйреніп қалды. Бізді масқара етіп жатыр

Oinet.kz 26-09-2023 1070

8565c0266a23c577ec06e6cd65d8eb25.jpg

Бұрын мəн бермеуші едім. Соңғы кезде сыныптастарымнан əжем туралы сөз еститін болдым. Əжем супермаркеттің алдында қол созып адамдардан ақша сұрайды. Күнде үйге кешкісін келгенде күндіз жиған терген ақшасын əкеледі. Бұрын ақшадан қысылғанда əжем ойланбастан беретін. Ол кезде ойланмаппын оның қол созып ақша сұрап тауып жүргенін. Жағдайымыз мүшкіл емес. Үйіміз бар басымыз аман, үйіміз азық түлікке толы. Осы жылы білдім əжемнің қайыршыланып көшеден өткен кеткенен ақша сұрайтынын. Үйіме сыныптас құрбым келгенде маған айтқан болатын əжем туралы. 

Кешкіскін құрбыларымен көшеге шықсам, əжем үйдің қасындағы дүкеннің алдынан шығып, қолындағы тиын тебенін береді. Мен ұяламын. Жасы үлкен болса да, айтып тастауға тура келді. Қанша айтсамда қол созып ақша сұрауын тоқтатпайды. Анам да əкемде жұмсақ түрде айтса да əжем өз дегенін орындайды. Түсінемін əжемнің уақыты көп, іші пысатын шығар. Неге өз қатарларымен отырып əңгімелеспейді. Əжем керісінше біздің айтқанымызды тыңдап алып күн шығысымен қайта кетеді. Үйдің маңындағы супермаркет тиіп тұр. 

Қателеспесем əжемнің ақша сұрау əдеті бес жылдан асты. Өзі зейнет ақы алса да, қол созып ақша сұрағанан құштарлығы оянады деп ойлаймын.

Психолог Жарқанаттың хатынан, 

Ватсаб нөмірі 7 707 922 9085

Отбасым бола тұра ажырасқан әйелге байланып қалдым
Отызға келіп шал болғанда өзімнен кішкентай қызға бір-ақ үйлендім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу