Күнкөріс үшін шүлдірлеген қытайға көңілдес боп жүрген жап-жас қарындастарым не айтты десеңізші?

Oinet.kz 03-09-2023 3106

Соңғы жылдары қазақ қыздарының жаман ғадеттері туралы баспасөз қала берді, әлеуметтік желілерде де жиі жазылып, талқыға салына бастады. Бір сөзбен айтқанда, қаракөз қандастарымыздың тәрбиесіздігі, ішімдікке салынуы, темекі шегуі, жеңіл жүріске бой алдыруы т.б. Әсіресе қарындастарымыздың шетелдіктермен қыдыруы, тұрмысқа шығуы әлеуметтік желілердің басты тақырыбына айналды.

Screenshot_5.jpg

Сөзді осы жерден тоқатып, жақында өзім куә болған мына бір жағдайды баяндағым келіп отыр.

Мен таксиспін. Екі миллиондық Алматы шаһарында нәпақамды көшеден тауып, отбасымды асырап жүрмін. Таксис болған соң көлігіңе неше түрлі адам мінеді. Осыдан екі-үш күн бұрын Барахолкаға адам апарып, бос қайтпайын деп сол маңнан бірнеше адамды ала қайттым.Көлігіме отырған шүлдірлеген екі қытай мен қазақтың екі сылқым сұлу қызы. Жастары елудің ар жақ, бер жағындағы жаман қытайлар тілдерін бұрап орысша сөйлейді.

Какбудты Ресейде жүргендей. Қазақстанда жүрміз, қазақша үйренейік деген ой жоқ секілді. Әлгі бұралған екі қарындасымыз да олармен орысша «гәпіріп» отыр. Артқы орындыққа екі қытай мен бір қыз отырды. Екінші қыз алдындғы орындыққа жайғасты. Айнадан байқап отырмын, екі қытайдың бірі әлгі орталарында отырған қызды өзіне құшақтай тартып, құлағына бір нәрсені сыбырлап қояды7

Ал әлгі қарындасымыз, қытай ежелгі танысындай құшағына құлап, ыржың-ыржың етеді. Екі қыздың да жасы 25-27 лердің шамасында. Түр бар, сымбат бар. Екі қыздың қытайлармен қылжақтасып отырғанына бір түрлі болып қалдым.

Шыдай алмай жанымдағы қызға «Бұларың кім? Қайдан тауып алғасыңдар? Қазақтан жігіт табылмады ма?» деп төтесінен сұрақ қойдым.

«Бұлар біздің «хозайындарымыз». Барахолкада осылардың тауарын сатамыз. Күнкөріс қой енді. Басқаларға қайдам, әйтеуір бізге жақсы қарайды. Саудадан тыс кейде ақша да береді. Осылармен араласқалы бері күнкөрісіміз жақсарып қалды», деді.

«Тегінен тегін ақша бермейтін шығар. Әр нәрсенің сұрауы бар емес пе? Соның ішінде қытайлардың бақай есебі жеткілікті», деп әңгімен қоздатып қойдым.

«Әрине. Рас, мына артта отырған кепкалы қытай менің «досым». Былайша айтқанда «любовнигім». Күйеуіммен ажырасып кеткенмін. Бір балам бар. Қазір ауылда ата-анамның қолында. Дұрыс жұмыс болмаған соң, осы барахолкаға сатушы болып орналасқанмын. Осында жүріп Хумен таныстым. Менің жоғалтатын ештеңем жоқ. Етегі ашылған, күйеуден шыққан әйелмін. Ара-тұра Худың көңілін тауып, төсекте болып тұрамын. За то сол үшін Ху маған тәп-тәуір ақша береді. «маған тұрмысқа шық» деп қояды. «Ата-анам рұқсат бермейді» деп ендім, «онда осы жердегі қантыным бол» дейді. Онсыз да осы Худың заңсыз қатындарының бірі болып жүрмін. Жалғыз мен емес, осы базарда Худың оншақты ойнасы бар. Бәрі жап-жас әдемі қыз келіншектер. Күнкөріс үшін осы жаман қытайдың астына жатып жүр. Ал бұл қытай ақшаның арқасында талай қазақтың қызын астына салып, талтаңдап жүр.

Мына артта отырған қыз менің подрушкам. Ол да осы Худың сатушысы. Ол да осы қытаймен жатады. Күйеуі баласы бар. Күйеуі жұмыстан қысқарып қалып үйінде жатыр. Ал бұл қыз соларды асыраймын деп амалсыз мына қытайдың көңілдесіне айналды. Қызды құшақтап отырған ана қытай мына менің «дос» қытайымның жақыны екен. Шанхайдан келіпті. Ол да осы жақта бизнес ашпақ көрінеді. «Сендерге керек болады. Кеңірек таныстырамын. Біздің пәтерге барып, отырайық, демалайық» деп бізді сонда алып бара жатыр. Контейнердегі заттарды өзге сатушыларға тапсырып, қазір осы қытайларға қонаққа бара жатырмыз. Енді бұлардың көңілін таппасақ болмайды ғой. Күнкөріс дегендей. Мені қойшы, жоғалтатын ештеңем жоқ. Үйде күтіп отырған күйеу, бала жоқ дегендей. Мына Құралай (артта қытайдың құшағында отырған қыздың аты екен) күйеуі, баласы бар. Қытайлармен жатып келіп, олардың бетіне қалай қарайды десеңші», деп арт жақта қытайдың құшағына кіріп, оның құлағына бірдеңені сыбырлап жатқан «подрушкасын» жамандап қойды.

«Осы қытайлардың тауарын сатып, солардың «трәпкасына» айналмай, басқа жұмыс істеуге болмады ма? Неге арды, қазақтың намысын ойламайсыңдар. Қазір елімізге келген шетелдіктердің бәрі «ең арзан қыздар қазақ қыздары» деген әңгіме айтатын болды. Масқара емес пе?» деп қатты кетіп едім,

«Әу баста жұмыс қарастырып көргенбіз. Төлейтін ақшалары мардымсыз. 60-70 мың теңгеге мына заманда қалада күн көре аласыз ба? Бәрі қымбат. Не істейміз? Амалсыз осындай тірлікке барып, амалдап жүрміз» деді әлгі қыз.

Не дерімді білмедім. Оларды айтқан жеріне жеткізіп тастадым. Шүлдірлеп, ыржың-ыржың еткен екі қытай екі қазақтың қызын құшақтап подъезге еніп кетті.

Міне, бұл менің көзіммен көрген бір ғана жағдай. Күнкөрістің «қамын» сылтау етіп, шетелдіктерге тәнін сатып жүрген қаншама қыздарымыз бар?! Өкінішті.

Жұмахан таксист

kaz.365info.kz

Отызға келіп шал болғанда өзімнен кішкентай қызға бір-ақ үйлендім
Жеңгем адамгершіліктен жұрдай
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу