15 жасында зорлықтың құрбаны болған қыз мұңын шақты

Oinet.kz 19-05-2023 4325

Ақтөбе қаласының тумасы Ләззат есімді келіншек 15 жасында болған өміріндегі сұмдық оқиғаны айтып берді. 28 жастағы келіншек әлі күнге шейін тұрмысқа шықпаған. 

Screenshot_9.jpg

Жігіттерге жиіркеніп, қорқып қарағандықтан, шыққысы да келмейді екен. Ол балалығының күл-талқанын шығарған оқиғаны баяндап берді.

15 жасында Ләззаттың ата-анасы қонаққа кеткенде, үйде 17 жастағы нағашы ағасы қалған. Оның айтуынша, қыс кезі болатын. Ағасы теледидар көріп отырғанда, ол өз бөлмесінде ұйықтауға жатып қалған.

"Тынысым жетпей ояндым. Үстімде салмағы ап-ауыр ағамның жатқанын, іш киімдерімді шеше бастағанын сездім. Қанша итерсем де, күшім жетпеді. Қорыққаннан шығар: мүлдем дауысым шықпай қалды. Одан кейінгі оқиға есімде жоқ. Бір есімді жинаған кезде ағам: «жуынып ал» деп ескертті. Шомылуға барғанда аяқ-қолым дірілдеп, қан ағып жатқанын көрдім", - деді Ләззат.

Оның айтуынша, азаптаулар мұнымен тоқтамаған. Сол зорлығынан кейін ағасы тағы да артынан келіп қинаған. Қыз бала "Анама айтамын" деп те қорқытқан. Алайда, ол "Бекер өкінесің. Әке-шешең сені аямайтын болады. Әкең шешеңді балаларымен бірге қуып жібереді. Сосын біздің үйде тұрғанда күнде осылай боламыз» деп қарқылдап күлген көрінеді.

Бүгінде біраз жыл өтсе де, Ләззат нағашы ағасының осы әрекетін еш кешіре алмаған.

Абысыным нағыз екіжүзді адам екен
Күйеуіне екінші келіншек Нурикамалға ғашық болуға мүмкіндік берген дана әйел
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу