Күйеуіне екінші келіншек Нурикамалға ғашық болуға мүмкіндік берген дана әйел

Oinet.kz 29-04-2023 3021

Күйеуі бір келіншекке ғашық болып, оған өзінің некелі жары түсіністікпен қарапты дегенді естіп па едіңіз? Әрине, мұндай жағдайда "әйелі өз бағасын білмейтін біреу ғой" деп тілдеуіңіз әбден мүмкін. Бірақ, дәл сондай адам бар. Ол, тіпті, Қазақ поэзияның маңдайы жарқыраған ханшайымы. 

Screenshot_1.jpg

Күйеуінің өз сезіміне тұншығып, аласұрып жүрген сәтін жан-жүрегімен түсінген Ханбибі ақын. Қазақтың ең сүйіп тыңдайтын "Нурикамал" әні, ақынның сүйікті жары Тұрдықылыш Ізтаевтің өзге келіншекті ұнатқан кезінде жазылған дүние. Әннің сазын жазған Тұрдықылыш Ізтаев. Ал, сөзін жазған Ханбибі Есенқараева. Яғни, сазгердің жары. Күйеуінің әлеміне кіріп, 

"Аспандағы Ай ма дедім, 

Жастық шағым қайда менің. 

Жүрегімді елжіреткен, 

Жаным қандай жайдары едің. 

Нурикамал, Камалым-ай, 

Күндей ашық ажарың-ай"  - деп қандай әйел тебірене алады.?! 

Қызғанышын ішінде өлтіріп,  есесіне ешқашан өлмейтін туындыны дүниеге әкелген Ханбибі ақын, шынымен күйеуінің мәртебесін бұрынғыдан да жоғарылатты. Ал, өзі,  ел ішінде "Хан қызындай Ханбибі"  деген құрметке ие болды. Бұл  шексіз махаббатқа деген құрмет пе, әлде, өнерге деген тазалық па,  оны халық әлі күнге ұмытпай талқылап жүр. 

Нұр-Илла Қоңырат 

Суретте Тұрдықылыш  Ізтаевтің жары Ханбибі ақын мен "Нурикамал"  әнінің кейіпкері,  яғни,  Ізтаевтің жүрегін жаулаған Нурикамал ару

15 жасында зорлықтың құрбаны болған қыз мұңын шақты
Күйеуіне өзі таңдап жүріп тоқал әперген бәйбіше, түбінде өкініштен бармағын тістеп қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу