Нұрхалық Абдырақын. Менің арманым (әңгіме)
Күздің күмілжіген шағы, болымсыз самал болмаса әліде тымырсық ауа тынышыңды кетіріп, жадыңды жабықтырады. Мазасыз оймен ұнжырғасы түскен Жеңіс Көпжасар ауданынан шешесіне ілесіп тартыншақтаған бұзаудай зорға автобусқа мінді, әке ашуыда есінде, балам университетке түсті деп шеше байғұс түс таныстардың барлығына жар салып ауыладан шыққалы мақтанып келеді. Көлік байау қозғалды. Дәл осылай шешесі 11жылыдың алдында жалғыз ұлын бірінші сынпқа апарған еді, сонда қуанышында шек болмаған, бүгін университетке апара жатыр, ал Жеңіс жабырқаңқы, бірінші сыныптан бастап жақсы оқыған, алғыр Жеңіс түрлі олимпияда да жүлде алып мақтаумен өсті, өз сынптарындағы Ұшқын, Арай, Құндыз, төртеуі бар 4-сыныптардың абыройын көтеріп, мектептің артын жабушы еді, сонда бәрі маңдайынан сйпайтын, бұлардан бақытты адам жоқ еді ол кезде, керемет киім кие алмасада өз оқуларына сенетін. 5-сынпада сол төртеуі басқалар үшін жан сала оқып, қатарлас сыныптағылардың бәрін шала сауат қалдырып жүре берді, сыныпта өзінен басқа мықты ешкім жоқ деп ойлаушы ед, сонда арманы әлемдегі ең өзық жоғары оқу орнында болашақ бағдарламасы мен оқып, мектебіме қайтып келіп сабақ өте алмайтын апайлардың орнына сабақ өтсем деуші-ед.
Міне қазыр оның бірі жоқ жыламсырап келеді. 7-сынпта түк білмейтін Тұрсын алдын орап ақшамен колижіге түсіп кетті, өзінің сонда кедей баласы екенін тұңғыш рет сезінді. 9-сынпқа келгенде Зеуре, Ұлбосын, Серік, Айқын төртеуі бірдей оқуға түсті, пәк жүрегі әділетсіздікті көріп жаны мұжылды, енді міне бұрынғы оқуы жоқ тек қара толтырып ілесіп жүрді, жатса тұрса топастардың өзінен бұрын оқуға түскені жанын шыжғырды. Биыл міне мектептегі соңғы жылы.
Әжесінің адал боп өс деген ақ тілегімен есейген Жеңіс бұл қоғамнан әділдікті аңсап жүріп маусым айынада жетті, ертең емтихан, түнге қарай есік қағылды, өзіне таныс дауыс, ертеңгі емтихан жауабын екі жұз мың теңге деп ұйалмай қызармай сатып келгенін көрді, аке шешесі ақша іздеп зыр жүгіріп ештеңе таппады, ертесі емтихан тәтижесінде көбейту кестесін білмейтін Азамат 118 бал алпты, ал өзінің жинығаны76 бал, қайтерін білмей шыңғыра жылап үйіне тұра қашты, ары қарай тыңдағысы келмеді, өз ортасына өкпксі қара қазандай Жеңіс 11жыл текке оқығанына бармағын шайнады. Мектепкеде келмейтін Жоламан әне116 бал жинапты, әкесі ақша тапқанда-ғой шіркін... басқалар таңдаулы университетке түсті, ал Жеңіс өзі қаламайтын жоғары оқу орнына зорлана келеді, олда сол ақша төлемейтін квота мен шақыртқаны әкесіне майдай жақты, әкесіне өшіге: неғіп ақша таппадың, онда неғіп тудырдың басқалардың алдында қорғып,- деп тістене отырып қалағада жетті.
Жаңа ортада жаңаша білім алуды армандады. Өйтетін де жөні бар, оқитыны Қытай тілі еді. Жеңіс бір семестір жақсы оқыды, қалың сызықтан тұратын қытай әрптері Жеңістің жалқтырмады, қайта«жалпы тіл білімі, тіл біліміне кірспе, арнайы филологияға кірспе, классикалық филология, лингвистикалық ілмдер тарихы, мәтін лингвистикасы» қатарлы тұбы бір ұқсас қайталана беретін пәндерден жадасада тырыса жақсы оқыды. Оданда неге қазақстан тарихын, сонымен бірге мамандыққа қатысты пәндерді көбейтіп өтпейді,- деп қынжылып жүріп, алғашқы 4 айда түрік тілнен де тіл сындырды.
Бақан ағайдың сабағы. Бұл араға тек шай, көфе ішуге келетін студентер бірден екіден кешігіп келді, кешіккенді құры отырғызбай сабақ сұрайтын ағайы Жеңісті тақтаға сөйлем құрауға шақырды, тілін тістеп ол мүлдем құрай алмады, артынша Әселді шақырды тамаша сөйлем құрады, жақсылап Әселдан үйрен деген ағайдың сөзі Жеңіске басқаша естілді. Ақұбаша әсем Әсел, көктегі ақ бұлтан жаратылғандай әдемі еді. Жеңістің ұялыу сезіміме әлде басқама бір түрлі жылылық бойына тарап денесі бір ісп бір суыды. Жатса тұрса қиалына Түнеп түсінде Әселмен қиандарға самғап жүріп сабақтан Жеңіс «Дөйдалаизмге»айнала бастағанда сессияда басталды. О таубе кейбір пәндерді қанша жақсы тапсырсада құлайды, сабаққа келмей жүретін Еркін бар сабақтан 5 тік баға алады, ақшасы жоқ Жеңіс 3 сабақтан қайта тапсырып тиынын құрап зорға 3 алды, жер бетінде әділдіктің жоқ екенін шындап сезінді, ол кәдімгі адамдарша әділетсіздікпен күресуін бастады. Кейбір ағайлары сабақты өтіуді білмей, бос әңгіме не шай ішумен уақыт өтізседе ақша алуда өте үздік екенің білді. Енді міне сессияға үйден ақша сураудан арланды, үйінің жәйі өзіне мәлім, кәрі әже оларды, олар кәрі әжені бағып қалтырап отыр. Екі семестірден бастап Жеңіс қаладағы бір жанар май бекетінде түнгі жүмысқа тұрды, күндіз аудиторияда ұйқтап отырады, топ толық оның екі беті пышақ жанығандай арықтады. Сертке ұмытшақтау қожайын өзбек ай айағында Жеңіске ақшабермек түгіл қарызғып шығарды. Енді базарда түнгі зат тасушы болып жалданды, одан тапқанын сессияға дайындап жүрді. Әсел тұрмақ бас қайғы, арықтағанда бақырайып көзі ғана қалды. Солай екінші семестрде басқалар сяқты ақшамен жауып кәдімгідей студент боп қалды, байқұс әке-шеше қайдан білсін баласының жанын жанға ұрып жүргенін, неге арықтап кеткенсің десе ауырып жүрімдеп,- күмілжи жауап қатты.
Біраз шыр жинап Жеңіс келесі қүзгі семестрге келді, оқуға емес жалдануға келді, күздің түні суық, енді тойханың біріне дайашы болды, тамағы мен кимі әкесі мен шешесінен оқу қаражаты үкіметтен ал Жеңістікі сессия қамы, келер жылға ештеңе қалдырғысы келмейтін ата-аналар мен бәсекелесе «қашатын» қыздар қазақ қаласында күн құрғатпай той жасап, Жеңісті екі ай тыным таптырмады. Сөйтіп жүріп бұл сессияныда сәтті жапты. 4семестрден бастап тіл білмей жұрген бұларға қытай әдебеті жане әдебиет тарихын пәні жүрілді, «сиырдың құлағына домбыра шерткендей әңгіме екен» бұнысы деді,-Жеңіс. 2 курста студентің шынайы білімін байқап көру мақсатымен алынатын бейтаныс бес пән нен емтихан тапсырыған Жеңісті ақшасы қутқара алмай қулады, олар басқа жақтан келген «жергілікті заңдылықты» түсінбейтін жандар еді, оқудан шыққан Жеңіс осылай өмірден ойсырай жеңілді.
Бар жүгін арқалап, бес пәнге лағнет айта көлікке мінді, шынымен ауылға мұғалым болуға оралғандай, біраз ақша жиып мектеп директорына берсем неге мұғалым болмасқа деп,- жоғалған арманын қайта тауып көліктен қуана түсті. Ақшамен сатып алып ғылым кандидаты, ғылым дөктөры болып мүизі қарағайдай болған ағайларында тыңдады ғой, сабақ өтудің оншалықты қиынға түспейтінін білді, ойдым-ойдым асфальт, байау басып Жеңіс келеді, арманын арқалап, аспан Түнжыраулы, мүнар сәуле шашқан күн қазірге көрінбейді, тек жол жиегіндегі, шалшықтағы бақалар шұрылы құлақғын Түндырды Жеңіс алға кетіп барады жотасында зіл батпан жүк...