Нұрхалық Абдырақын. Көкжиек (әңгіме)

Oinet.kz 04-11-2020 1280

image.png

Түркістан шаһарының Тәуке хан даңғылы, базар аялдамасы. Күн екнті тартып, қызыл шапақ өз көкжиегіне жартыкештене батып барады. Кеңістікте саяқ жылып бара жатқан ақ ұлпа бұлттар адам өмірінің соңғы сәтін еске салады. Біз адамдар өз көкжиегімізге(ақыр заманға) бар пәрменімізбен жақындаудамыз.

Жұмыстан қайтқан адамдар шоғыры, ығы-жығы жүргінші көлік, сапырылысқан жолаушыларға сумақы көздермен, жалаңдаған тілдерін қадап «Юрфак», «Мед колледж», «Тельман», «Жуковский»,- деп қазақтың ежелгі астанасы, бүгінгі рухани бас қаласында «сүйікті» атауларымен безектейді.

Бұл қаланы көршілес өз ағаларымыз мықтап жайлағаны сол, Түркістанда не көп? №2 рафик көп Оны айдайтын өзбек көп дейтін тәмсілде қалыптасқан. Өз қандастарымыз өз топырағында басқаларға базар төрінен орын беріп, өздері қинала басып арба сүйрейді. Қазақи аңғалдығымызбен дархан даланың сыйлаған мейірімділігі бізді оларға бей-жай қаратады, ал олар бұны керісінше түсініп тамаша пайдаланады.

Тумысым нан қабағым қалың, жанарымның астынан ұрлана қарайтын мен томпиған қарынға көзім түсті. Ондай дүниені көрсем қызығатыным сол, өз жауларымызға батыл тойтарыс беретін жаңа батыл ұрпақтың өмірге келетініне үмітімді үзбеймін. Қыртысты қабағымды көтергенім сол, қоңқақ мұрынды, боқ қарын еркек... Мәссаған!!!

Міне, мен күткен №1 автобуста келді!

Көңілі күпті, ойы қордалы, ақшасы аз мен сияқтылар мен, қолын сығып, сөлін жалайтын, жылаңқы саудагерлер лап қойып құтқарушымыз келгендей Республика бойынша ең арзан көлікке тұра ұмтылдық. Есігі ашылар ашылмас біздер әйтеуір кіріп жайғастық. Лықсып, қыстығып жатқан жұрт бірінің үстіне бірі мінердей. Көлік ыңыранып ышқына баяу қозғалды. 

Сол сәтте қос өкпесін қолына алып алқына жеткен үш ұйғыр бойжеткені мен бір бозбаласы мінді. Есік әзер жабылды. Өз тілдерінде дамбырлай сөйлеген олар тек өздері ғана тұрғандай даңғазалана күледі біздің қазақ елі екенімізді мүлде мойындамайтын сияқты. Қырықтың қырқасынан асқан анамыз «Жәй қыздар»,- деген болымсыз ескертуіне, «Иесінен ұрысы күшті» - дегендей қабағын шыта не жұмысыңыз бар деп өрекпиді. Сан оймен шарық ұрып, киелі Әзіреті Сұлтан бабамыздың кесенесінен жеттік, лаулаған өрттей мектеп оқушылар лап қойды. Өйтетінде жөні бар. Олар үшін бүгінгінің ең соңғы үйіне жеткізер көлігі. У-да, шу! «Білім орталығы» ғимараты жол бойында мойнын созып бізге қараса, арт жағындағы «түрік қалашығы» түнгі жұлдыздардай жымыңдап қалың мұртын көрсетіп тұрғандай сезілді маған. Түрік дүниесі грантымен емтихансыз оқуға келетін ұйғыр студенттері тек алатын степендя мен ұсақ сауда істеуге келетін сияқты.

Барлығымызға үнсіз ой салған балалар егемен еліміздің ертеңі, тіршілігіміздің жалғасы. Әлгінде ғана тамағын кернеп тұрған ұйғырларда үнсіз. «Дастарқан» аялдамасын да, сөмкелерін арқалап түсіп бара жатқан ұйығарлардың ту сыртынан жылауық жырлар оқып жанымда аши бастады. Олар маған егемен елдігін аңсап үнсіз жылап бара жатқандай сезілді.

Нұрхалық Абдырақын. Менің арманым (әңгіме)
Нұрхалық Абдырақын. Үйсін (әңгіме)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу