Ауыл тұрғындарын боқтап жіберген әкім халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО)

Oinet.kz 08-10-2025 49

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданына қарасты Шілікті ауылдық округінің әкімі Қуаныш Төлеухан әлеуметтік желіде тарап, үлкен резонанс тудырған бейнежазбаға байланысты түсініктеме беріп, тұрғындардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_15.jpg

Даулы видеода ауыл тұрғындары әкіммен кездесіп, оның жұмысына қатысты сұрақтар қойған сәт көрініс тапқан. Алайда пікірталас қыза келе, екі тараптың арасында дау туып, әкім бейәдеп сөз айтқан. Куәгерлердің айтуынша, сол кезде оның жанында полиция қызметкері де болған.

Қуаныш Төлеухан бұл жағдай бойынша видеоүндеу жасап, оқиғаның мән-жайын түсіндірді. Оның айтуынша, жағдай қоғамдық тыңдау барысында, шамамен бес сағатқа созылған жиында болған. Ол эмоцияға беріліп, артық сөз айтып қойғанын мойындады.

"Мен өз ауылымда туып-өстім. Ешкімді ренжіту немесе қорлау ниетім болған жоқ. Бұл оқиға кезінде эмоцияға ерік беріп, орынсыз сөз айтып қойдым. Осы үшін ауыл тұрғындарынан шын жүректен кешірім сұраймын", – деді әкім өз үндеуінде.

Педофилдерге химиялық кастрация түрмеден шығуына алты ай қалғанда жүргізіледі
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу