27 жастағы қыз тек жеміс-жидек тұтынатын диетаның кесірінен көз жұмды
Польшалық 27 жастағы Каролина Кшижак Балиде тек жеміс-жидектен тұратын қатаң диетаны ұстанғаннан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Салмағы небәрі 23 келі ол Sumberkima Hill қонақүйінде өлі күйде табылды.
Лидс университетінің бұрынғы студенті Каролина 19 жасынан бастап фруктианизмге қызығушылық танытты, яғни тек жеміс пен шикі көкөністер жейді. 2024 жылы ол Балиге келді, сол сәтте оның денсаулығы тез нашарлады. Қонақ үй қызметкерлері оның өте арық екенін, жүру қиын екенін байқаған, бірақ ол медициналық көмектен бас тартты.
Каролина оған тек жеміс-жидек әкелуді өтінетін дейді.
Қонақүйге келгеннен үш күн өткен соң, Убуд кафесінің иесі Каролинадан хабар болмағаннан кейін дабыл қаққан. Қонақ үй қызметкерлері оны ес-түссіз жатқан жерінен тапты. Эмилия есімді досы Каролинаның остеопороздан және альбумин тапшылығынан зардап шеккенін, соның салдарынан аяғы ісінгенін хабарлады.
Достарының айтуынша, Каролинаның отбасы қызды вегетариандық қауымдастықтың жетегінде деп ойлаған. Оның денсаулығы нашарлап, тістері бұзылып, тырнақтары сарғайып кетті. Балиде ол жаттықтырушылардан көмек сұраған, десе де өз диетасын сақтаныпты.
Достары оның аяғына әрең тұратынын, бірақ өз өмір салтына риза болғанын атап өтті.