Нұрхалық Абдырақын. Үйсін (әңгіме)

Oinet.kz 01-11-2020 920

image.png

Ғаламат таңдары әке-шешесінің жанында өтіп жатқан Асан Қазақ елінің Орыс уысынан шығып, бөлек ел болғанын естігелі жас жүрегі жастыққа тимей қазақтың сардаласын сағынатынды шығарды. Өзінің бала екенін ұмытып, әке-шеше ақылын тыңдауға мойын бұрмай, басқа таудың шөбін аңсаған елікке ұқсады, сол шөлді басу үшін жартас жазбаларынан Сақ, Ғұн,

Үйсін және түркілерге қатысты тарихтың астын сызып, өзіне меншіктеп ен сала оқыды. Өзінің екінші тілі қытай тілін оқығысы келмей, оған бала жүрегі жиіркене қарады. Өз әлінше қазақша деп орыс алфавитін жазып алып, оны славян жазуы деп қайта-қайта машықты. Өстіп жүріп балаң жігіт те де айналды, мектептің соңғы жылына да таяды, жас жігіттің сағыныш лебіне тағы бір леп қосылды, ол сыныптасы Күланға деген ынтық жүрегі еді. Қызға сөз салып көрді, бір үйдің жалғыз қызы Күланды ата-анасы жібермейтін болды. Екі оттың ортасында қалған Асан әр таңды асыға атырып, кешті зорға батырып жүрді, бір күні таң ата түс көрді, түсінде кең далада өзіне тиеселі бабаларының бас сүйегін қызыл көз, кәрточкі мұрын біреулердің доп қып теуіп бара  жатқанын көріп шошып оянды. Енді міне, қабағы түксиіп, жаны жабырқау кеш батып, осылай мұңлы жанарымен ұйқыға кетті. Көз алдына Күланы күлміңдей келді, оның ботадай көзі, ашық маңдайы, үйрек ауызы, бүйрек беті ұйқысын қашырды, Асанның рухы Күланмен узақ-узақ сүйісіп шаршап оянды.

Ақыры қараңғыны жарықтың жеңетіні сияқты Асан әке-шешесіне жалынып жүріп шетелге шығу паспортын жасатты, нағашы ағасының директорлығын пайдаланып, ертелеп мектеп дипломын алып, қазақ елі не бірақ күнде ат басын тіреді. Шығыстық сарыны жоқ Европаша жұрт қабақтарын түксите қарсы алды бала жігітті. Аңсап жеткен Ата-мекені баланың рухани сұранысына жауап бермеді. Бәрі оны қытай деп қабылдалы. Қазақ екенін айқайлап айтайын десе, тілі жоқ, өз тілі туған жерінде қалыпты, бұндағының бәрі орыс көрінді оған. Бала жігіттің басы қатты, не істейді? Өзге елде жүріп үйренбеген өзге тілді өз елінде үйренуге мәжбүр болды. Өстіп жүргенде ақшасы таусылды. Көше бойында тұрып жанын жалдап, ақша табатын жігітердің қатарын толтырды, жас жігітті күшті машина мінген әйелдер күндіз түн демей жұмысқа шақырды, жұмыс ауыр болса да, ақшасы мол осы тірлікпен жүріп, сарала жапырақтар түскен сары таңда, қаққан есігінен көлдей көп сөз естіп жаны мұқалып жүріп, таудай қағаз жинап жаны мұрнының ұшына таяу қалғанда оқуға тапсырды, онысы текке кетпей, ауыл-шаруашылық мамандығы бойынша оқуға түсті. Студенттік өмір оны алғашында шындап қызықтырды, баяғы өзі оқыған тарихты іздеп оқыды. Бірақ ол Сақ пен Ғұнды тапты, неге екені белгісіз Үйсіндерді таппады, бұнысы қалай деп бала жігіт қытай мойындап қазақтың ата-бабасы деген Үйсіндерді таппағанына бір түрлі мұңға батты. Ол қанша жақсы оқысада, орысшаның кедергісінен алатыны төмен баға. Өзінен бұрын бітірген жерлестері жұмыс істемей базар жағалап жүргенін ойлады, ары қарай оқи ма, оқымай ма белгісіз?...

Асан Алаш орда ның астанасы – Түркістанға жанын сақтау үшін Автобусқа мінді, оны: «Келіңіз, мінеки мініңіз»,– деп қарсы алды екі жігіт, бұндай жылы сөзді өз еліне келгелі естігені бірінші рет. Елім, жерім деп елеуреп жеткен босқын жас жігіт тағдырдың жүгін арқалап бозаң тартқан боз далағадағы Түркістан шаһары Қазақстандағы ең арзан және барлығы қазақтар, қағазда жинауда жоқ деген сөзге сеніп қала вокзалына келіп жетті. Тым-тыныш, бабалар үні құлақ қа естіледі. Қала ортасында зәулім Қожа Ахмет Яссауи кесенесі көкпен бой таласады.

Асанның алдын «тіркеу»тосты. Соңғы тиінін беріп ол тіркелді. Базарда алма сатып тірлік бастамақшы болып еді, тұрып сататын орын ала алмай, азанда топ алып кеш батқанша көтеріп жүріп, сатып жан сақтады, табысының біразын базар басқарушылар алады, алып-сатар тірлік табиғатында жоқ Асанның әбден мазасы кетті. Байырғы бұл қалада да тапқаны тамағынан артылмай жас жігіттің жаны ауырды.

Сан оймен сансырап жатқан Асанның есіне кенеттен талай жылдардың тасасында қалған ескі ғашығы түсті бірақ ол келмеске кетткен, өзіне қайтып оралмасын ол жақсы біледі, енді соған тым болмағанда бір жері болсада ұқсайтын біреуді іздеп кездестіре алмай, белгісіз бір жанды аңсады, арпалысқан ит өмірден алыстатқан бұл ойдың келгеніне қатты қуанды. Деседе басы қатқан Асан Нұротан партиясының қалалық кеңсесін сұрап жүріп зорға тапты, бар ойы жағыдайын айтып, тіршілігіне көмек сұрау. Есік сыртында сарғайып отырған Асанның жанына бір бойжеткен келіп сызыла жайғасты, ол қатар үш орындықтың ең шеткісінде ұялып үнсіз отыр, осылай отырғанда балаша қуанған қыз «бастық келеді» деп дауыстап жіберді, анадайда талтаңдап бастық найқала келеді. Бар жұмысы қол қоюдың ар жақ бер жағындағы бастық Асанның әңгімесін тыңдап, жақсы, біз базардан сізге орын алып берейік, бырақ күтесіз деп шығарып салды. Бұрала басып ішке кірген қызда ілезде шықты, отырысы мен қоңыр даусы мәгіниттей тартққан қызды күтіп Асан тұр, екеуі салтанатты салынған сәнді үйден түзге қадам басты, олардың жүрістерінен қуаныштары мен мұндалайды.

-Қарындас бағытыңыз қалай деп тұңғыш рет ата жұртында қазақ қызына дірілге толы дауыспен үн қатты.

-Тәуке хан даңғылымен батысққа қарай деп қыз ойында ештеме жоқ аңғалдығын байқатты.

- Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне аз аялдап өтуге қалайсыз деп жігіт қысқа тіл қатты.

-(Жұмысы жақсы біткен қыз жарқылдап тұр) болады-деп іле жауап қатты.

Әлемдегі ең арзан көлікке мінген екуі жирма теңгемен кесене маңына келіп жетті. Мұхтар Шақаныов ағасының «Марзия сұлу» жырынан Асан балалық шағында кесенені көз алдына елестетуші еді, шынымен де жырда айтылғандай құрлыс аяқталмаған, ол бірден Ақсақ Темірдің балдызы Марзя сұлуды кіналай бастасада артынша ынжық рухани мүгедек шеберді жек көріп кетті, Түркістанның адам шыдатпас тандыр жалыны секілді тымырсық ыстығы бұл арада жоқ, беттті ерке самал өбеді, үлкен зайтүн ағашы төбеңе күн түсірмей алдыңдағы тамаша құрлысққа тамсана қарауыңа мұрсат беріп тұрғандай.

Қыз атын енді сұрады Асан, Талшын деді қыз, екеуі неге екені белгісіз ескі таныстардай тіл табысып кетті, кесененің оң қапталындағы Түркістан қорғанына шықты, енді міне әңгіменің тиегін мықтап ағытты, шабыттанған Асан алатаудың аржағында жаттаған жырларын оқыды, « Ғұмыр келте деп налисың досым-ау, осыдан милион ғасыр бұрын»-деп Шахановтың шытырман оғиғалы жырларын төгілте бастады, кенеттен жыр жолдары үзілді, қатты толқып жыр оқыған Асан ұммыты. Сол сәтте «Күннен күнге лаулай түскен құштары, бұл не пәле салт-санадан тысқары» деп үзілген жыр жолдарын Талшын іліп әкетті. Аузы ашылған Асан іздеген ғашығын жаңа тауып, ойындағы асыл арудың бейнесін қолдан жасады, «Жер бетінде адамдардың ғұмырын отыз есе қысқартыпты деседі, ал сен ғұмыр келте дейсің-ау »-деп тоқтағанда, жер бетінде қиналып жүргенін жырдың құдіретімен мүлде умытқан Асан Талшын мен сені сүйдім деп бас салды.....

Нұрхалық Абдырақын. Көкжиек (әңгіме)
Нұрхалық Абдырақын. Боямасыз өмір (әңгіме)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу