Әскерде көз жұмған сарбаздың хаты табылды (ФОТО)

Oinet.kz 07-10-2025 147

Алматыда әскерге небәрі бір апта бұрын шақырылған Нұрасыл Әнуар жұмбақ жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_7.jpg

Желіде марқұмның 2025 жылдың 24 ақпанында жазған хаты тарады. Онда Нұрасыл 205 жылға арналған армандары мен мақсаттарын жазған. Сарбаз өз хатында жақындарын қуанту, әкесіне көлік алып беру, жаңа телефон алу, үйді жөндеу, жүргізуші куәлігін алу секілді жоспарларын тізіп шыққан.

Марқұмның жақындарының айтуынша, 22 жастағы Нұрасыл 2025 жылдың 27 қыркүйегінде мерзімді әскери қызметке алынған. Ол Отан алдындағы борышын өтеуді үлкен жауапкершілікпен қабылдап, “елге қызмет ету – абырой” деп санайтын.

“Біз оны әскерге жібергіміз келмеді, жүрегіміз бір нәрсені сезгендей болды. Бірақ Нұрасыл азаматтық борышын өтеуге өзі асықты. Әскерде болу – ол үшін мақтаныш еді”, – дейді марқұмның туыстары.

Алайда отбасы “менингококцемиядан қайтыс болды” деген ресми нұсқаға сенбейді. Туыстарының сөзінше, Нұрасыл әскерге дейін де, қызмет барысында да дені сау болған. Оның ауырып жатқаны туралы ешқандай хабар келмеген.

“Таңертеңнен бері денесін де көрсете алмай отырмыз. Нұрасыл өте мейірімді, адал, жарқын жан еді. Әділдікке сенетін, өмірді жақсы көретін. Оның өлімі – біздің отбасымыз үшін орны толмас қаза”, — деді марқұмның жақындары.

Screenshot_6.jpg

«Ең маңыздысы — Дастанның толықтай сауығуы»: Құралбек Ордабаев Дастан Сатпаевтың жағдайы туралы
Түркістан облысында өз көлігінде оқушыға азғындық жасаған мұғалімге сот үкімі шықты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу