Нұрхалық Абдырақын. Орақбай (әңгіме)

Oinet.kz 04-11-2020 1324

Нұрхалық Абдырақын

«Құдайдан қорықпағанан қорық»

халық мақалы

Күздің көңілсіз күндері, жан–жағыңа қарасаң ағаштардың барлығының бұтақтары сойдиып, сопа басы қалған жетім шалды көз алдыңы ерксіз әкеледі, жабарқаңқы көңіліңе одан сайын күдік ұйялатып, басыңа кураған сары жапырақтар төгіледі, бүкіл тіршілік өлез де жансыз мүлгиді, тек шулаған шашын тарауға да мұрсасы жоқ Орақбай әкесінің байлығына сеніп сарала жапырақтарды аяусыз сатырлата басып белгіз бағытқа асығып барады...

Биылғы жылы ұлттық бірыңғай тестлеуге қатысып бағын сынасада ақшасы бағын ашпай жаңа минстірдің жаңа сыпырғысы бұлардың мектебінде тұңғыш рет алтынның жолын қиды, ол бала кезінен мектептіде жақсы оқымады, әлсіздерді шырқыратқыш әкенің зомагерлігіне еліктеп өсті, бар арманы әкесі сияқты жол сақшы болу. Әкесі болса қол-аяғы жетілген, алдындағы жұмысты ғана асыра істеп, қағаз заңдарымен ғана өмір сүреді, бұлар халықтың тарихтан тасқа жазылған заңдарын түсінбейтін Құдай тағала, обал-суап дегенді білмес замана тәрбиелеген робыт екендігін бала байқұс қайдан білсін .

Әкесі жүргізушілер байқай бермес жол шетіндегі қуыста бұғынып көліктерді тышқан аңдыған мысықтай аңдып тұр. Зулап жатқан көліктер легі, әкесі өз шамасы келетін қалтасын да бірдеңкесі бар ортанқол біреуді опыра сорды.

Жан қинамай ақша табуды көрген баласы одан сайын әкесін жақсы көріп дәл әкесінің өзі болуға бел буды.

-Балам неге келдің?

-Өзім жай деп баласы басын қасыды.

-Мә, мынаны ал да қайт деп әкесі қолындағы жұмарланған арам ақшаны баласының алақанына салды.

Баласын бір жылға әскерге жіберді.

Салдаттық өмірі біте сала әкесі арам ақшаларын тығатын жерлерге тықпалап жүріп баласы Орақпайды келіскен Майы қызметкері етіп иғына пагон тақтырды.

Бақыт тек байлықтта, байлықттың кілті мансап, оған жетудің жолы ақшша, ал ақшаға қол жеткізудің оңай жолы әлсіздердің қалтасына қол салу деп жазылған бұл отбасының ұставында. Жастайынан бұны оқып өскен Орақбай жолда тұрып жолы торыды, бірақ ол там-тұмдап тапқанына еш қанағаттанбады.

Әкесі оған жолдың жүргізушілер байқай бермес, және елді мекендердің шыға беріс бұрысына жайғасып алуын жайлап отырып түсіндірді, енді міне Орақпай жолдағы қара қазан сары баланың қамымен шапқылап жүрген жүргізушілердің, кәрі-жасына, жетім-жесіріне қарамстан олардың қалтасын орақтай орды. Ол өзінің халықтың қиналғандағы жанашыр жақыны болып жұмыс атқаратын заң жүктеген қызметін мүлде білмейді де, оның қиялы заң саласындағылар халықттың қалтасынан тонаушы, зомагер, шонжар тап деп біледі боз бала Орақбай.

Орақпай күнене-күнге аяғының басын қайқайтып, туыс туған дос жар кластастарын танудан қалды.

Күндер зулап, айлар аунап, жылдар жылсатай берді, Орақбайдың қалтасы да қалыңдай берді, қалыңдай берді.

Күнделікті әдетімен күн тағы өз орныына көтерілді, ұйтқып соққан долы боран күн көзіне топырақ шашқысы келіп, жерден бір уыс қиыршықты ала сала аспанға шыр көбелек айналып ұшады. Далаға кұманын көтере шыққан Орақбайдың әжесі ұйқтап қалыптым ау, деп асыққан бейнеде дәрет ала бастады, құйындап ұйтқыған боран қояр емес, көтек, мына құйын қайтеді деп апа ас үйден пышақты ала тысқа шығып бірдеңелерін жыбырлап айтты да құйынға лақтырды.

Орақбай кәуделгі әдетімен жол торауылдауға барды, кенеттен қалта телофоны шыңғырып сала берді, алолаған оған шұғыл тапсырма бастығынан келді, дереу ауыруханаға бар деп, ол алқын-жұлқын айтылған жерге барды, түнде болған жол аптын ауырухана қызметкерлерінен және ауыру иелерінен сұрап бірдеңесін жазбақшы болып жанталасты, оған қарайтын мұңлы туыс бар ма? Тас түскен жеріне ауыр, барлығының басы әңкі-тәңкі естері шығып жүр, обал-сауапты білмес Орақбай тез бол мені оқиға болған жерге ертіп барыңдар, ол жерді суреттке түсіріп хаттама толтыруым керек деп қоярда-қоимай жағаларынан алған жол апатына бұл бөрі болып етектерінен жармасып естерін шығарды. Олардың зар еңріген үні жол апатына ұшыраған Қанаттың шешесінің жасқа толған етегі, Орақбайға шыбын шаққандай да болған жоқ, тас бауыр без бүйректігі басына шапшыған ол Қанаттың туысынан біреуін алып оғыиға болған жерге барды. Оқиға былай болыпты: жарым түнде құйғытып келе жатқан Қанат қалғып кетіп қарсы бағыттағы автобосқа соғылған, көлігінде өзінен басқа адам болмапты.

Олар қайтып ауыруханаға оралғанда Қанат арғы дүниеге аттанған. Орақбай Қанаттың туыстарының мәйітханаға бермейміз еш күдік күманымыз жоқ дегеніне қарамастан мәйітханаға өлікті апарып союуға беріп топалаңда тоқаш ұрлағандай быраз ақша жасап алып үйіне бұл күні тоқ қайтты. Бұл бір жақсы тірлік екен-ғой, күні бойы жол тосып телміргенше аз жұмыс жасап көп ақша табатын деп топшылалы, енді қаныққаннан дәніккен жаман дегендей Орақбай ауырухана мен кім сәлдеп үйінде Алланың ақ өлімімен жан тапсырды, соны аңдумен болды, оған бәрі бір тек бар есіл-дерті көкейінде мәйітханаға өлікті өзтізсе беретін көк ақша, қара халықты шырқыратып қаралы шаңарақтың талайының төбесінен қазандай қайғының қара бұлтын үйірді. Адам көз жасы, иманмен өлікті жерлеу дегендер оның еш қашан басына кіріп шықпады, кәріліктен өлген талай апа мен атаны, өмірі құлшылықта өткен діндар адамдарды да ақша ұшын иғына тағылған пагонын бұлданып, әлімжеттілік көрсетіп сүйекті тартып алып ақшаға сатты, ал өлік иелері зар жылап жүріп мәйітханадан аз болмаған ақшаға зорға сүйекті сатып алып жатты, марқұмдардың ішкі ағзалары тоналып, іші бауыры спиіртке шыланған мақтамен толтырылған. Талай мұсылманды қара жердің қойнына қара бет етіп, капір жасап тапсыруға себепкер болғанын Орақбай сезген де жоқ.....

Орақбай өзін осылай ақша табауға қамшылап жатты... Ал қара халықтың көз жасы қан болып тамшылап жатты...

Нұрхалық Абдырақын. Аңсау (әңгіме)
Нұрхалық Абдырақын. Менің арманым (әңгіме)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу