Нұрхалық Абдырақын. Аңсау (әңгіме)

Oinet.kz 04-11-2020 909

Нұрхалық Абдырақын

Ғайып әлемінде келе жатқанына сенгісі келмеген Сәулет жан-жағына жалтақтай қарады, жаңа ғана көкте қалықтап келе жатқан ұшақ енді міне жер бетіндегі қашанда қар құрсанған Антрактика тұрған сияқты, төрткүл дүние аппақ қар құрсанған, ештеңенің шет-шегі көрінбейді, тек құлаққа таныс бір дауыс естіледі, ол ұшақ гүрілі.

Анау жер бетінде жүргенде медіреседегі ұстаздары айтқан әңгімелер есіне еміс-еміс оралды. Тағы төңірекке көз салды тағы сол басқа бейтаныс әлем...

Пайғамбарымыздың миғраж түнгі әңгімесі құлағында жаңғырды, артынша әулиелердің бір намазын Түркістанда бір намазын Меккеде оқиды дегені есіне келді, Шайтанның 18мың ғаламды бір минутта жеті айланатыны рас болғанда Сәулет өзінің басқа әлемде жүргеніне енді сенейін деді. Сенбесінеде амал жоқ, таңғажайып басқа әлем, адам көзімен ғана көреді одан қала берді көңілімен сенеді, ал жүрекпен ғана сезетін ғайып әлемін бүгін көзімен көріп еріксіз иланды.

Тіпті адам өз миының бар–жоқтығын да көре алмайды, жеп отырған тәттінің ашты-тұштылығында аузына салмай біле алмайды, міне бүгін Сәулет адам шекті ақылы жетеде бермейтін ғайып әлемінде келеме? Жоқ әлде гегарапия мүғалімі айтатын басқа планета жершарын айналып, Сәулеттің сүйкті үйіне айналған жер шарысы тоқтап қалған ба деп тағы пенделігі ұстап өз көзіне өзі сенбей көзін қайта-қайта уқалады, онысынан түк шықпады көз алдында сол баияғы шет-шегі жоқ буалдыр әлем, арғы дүние деген осы ма деп Сәулет енді қорққа бастады...

Көз алдына өзіне таныс ауылдағы атасының қыстаулығы көрінді, атасының үйінің алдындағы аппақ таулы қырат, қайта-қайта қарады, өзіне таныс әлемнің көріне бастағанына бойына жан біте қуанды, я сол атасының үйінің алдындағы теріскейлі жатаған алып жотаның дәл өзі, тіпті қалың қардағы жылқылардың тепсеңі де ап-анық көрінді, атасының жазда борсық қазғандағы қалған үлкен шүқырларын қалың қар қанша бүркеседе орындары ойсырап түрғанын байқады, атасы екеуі талай бейкүна борсықтың тұмсығынан қанын ағызып, шыңғыртып терісін сылып, майын шыжғырып алып еді. Сәулет шындап қорықты.

Көз алдында атасының қой айдаған соқпағы ап –айқын көрінді, сүрдек оны одан сайын алысқа ұзатып, арғы жотаның астындағы Кенембайдың қыстауының жанындағы жазда тасығаннан ерініп қыста малын сонда апарып оттататын маясын көрді, атасы екеуі қыстың қысқан күндерінде қойларын айдап сол жерге апарып шөп шашып, шөптің үстінде атасының ертегісін тыңдап аузы ашылып отыратын кездері аз болмаушы еді. Сосын атасы екуі қойларды түс қайта Коп жасардың бастауының басына апарып суғаратын жерін де анық көрді, қар арасынан көгілдір-көгілдір болып әне батпақтының да шалшық сасық суыда көрінді. Ану сай табанындағы Жақайдың қыстауының қасындағы бетін мұз басқан үстін қар жапқан үлкен аңғардың ішіндегі басы бастаудан басталып әр жердегі құдықтарға ұласып қысты күні кәдімгідей қызыл суға айналатын сай ішінің қызығын төбеден тамашалап отыр, қойлар жарыса шауып таласа-тармаса су іздеп мә-мә деп баж баж болып көз алдында тоқтылар шауып жүр, жоғалған балалығын тапқанына қуанған Сәлет ұшақ терезесінен сыртқа үзірлене қарайды...

Енді міне қалың бұлттардың арасынан Таңір тауының сілемі байқалды, Сәулет өзінің жоғалған бал дуренін қуалап ұсақ-ұсақ көбелек бұлттардың арасына кіріп кетті. Паһ неткен тамаша көрініс, көз сүріндірер, қызығы таусылмас сол бақытты шақтарын тапқан Сәулет шынымен қатты қуанды... Көз тоймас көрініс мөп-мөлдір су ішінде алтын балықтай асыр салып ойнайды, су бетіндегі қарда жоқ, тек ақшулан бұлттар баяуғана жылыстайды, оған қосыла ойыңды адастыратын қара тұманда арлы–берлі зулайды...

Cәулет мінген ақ ұшақ асықпай Алматығы келіп қонды. Сәулет рухы жер бетіндегі достарын тауып тағыда адасты, енді міне өзі келген жаңағы басқа әлемді тез ұмытты, оның хикіметін тіпті жанында жүрген достарына да айта алмады. Біздердің ұмытшақтығымыз және болмашыға тез азатын азғындығымыз, қатты беймделгіштігіміз, жер бетінде адамдарды алшаңдай бастырып, талтаңдай ғұмыр сүрдіріп отыр емес пе?

Адам жан, тән, рухтың қосындысы, әйтседе Сәулет өз рухының жер бетінде қамалып, жоғын таба алмай жүргенінде жүрдек шайтан оның жанын ала қыздырып қыз іздетіп, арақ іштіріп, түн баласы ұйқысын қаштырып көше кездіртті. Осылай адасқан рух кейін де белгісіз бірдеңені іздей береді, бырақ ол ештеңеге қанағаттанбайды, демалғысы келіп әсем табиғатқа шықты, отбасымен жер бетіндегі ең күшті деген жерлерге барады оданда шаршап шалдығып үйіне оралады. Сондада ол іздегенін таба алмайды, тағы іздеуін тоқтатпайды, көзіне көрінген бұл дүниедегі қызыл-жасылдың бәрін қушағына басты, тоймайды, әйтеу бірдеңесі кем, аңқасы кеуіп бірдеңені аңсай береді, ол не нәрсе өзіде білмей дал, өстіп отрғанда азан даусы естіледі, құлағы елеңдеп мама ағаштағы көкпарға шабар аттай тықыршып терезеге жүгіріеді, шайтан құлағына солынан келіп сыбырлап өткен күнін есіне салып, оңынан келіп сыбырлап болашағын бұдыратып көрсетті.

Шаршаған Сәулет рухы енді міне отбасында «қар неге қыста жауады»дегендей шыбыннан піл жасап ұрыс шығарып, жоғалған жоғын тапқандай болып жаны азға тыншды. Өстіп отырғанда азан даусы тағы естіді ол рухтың қлауымен сол дауысққа қарай еріксіз айяңдады...

Нұрхалық Абдырақын. Әмірбек (әңгіме)
Нұрхалық Абдырақын. Орақбай (әңгіме)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу