Нұрхалық Абдырақын. Әмірбек (әңгіме)
Асау тор атқа мінген Әмірбек желе аяңдап Сексен бел жайлауының қырат – қырат төбелерінен асып үлкен тас жолға жетуге асығып келеді. Кенеттен ат сүрініп басынан ұшып кетті. Дегенмен ат жалын төсейді. Еш жері ауырмады. Таңқаларлық жәйт. Жанында күрең атта күмілжіп келе жатқан жан жары Қабыш.
-Қайта құдай сақтады-ау, денең жараланбапты,- деп отағасының үстін қаға бастады. Сонда Әмірбек.
-Құдайдың сақтағаны осы боласа, сақтамаса қайтер еді,-деп әйеліне жындана қарады.
Ұзақ жылдар әкім болып қызмет атқарған ол сақтайтын бір құдіреті күштің бар екендігін мойындағысы келмей күпірлікке салынып, өзінің жығылғанын кімнен көрерін білмей ашудан жарыла жаздап атқа қайта мінді.
Жер бетінде жәннатты қолдан жасап қызметтік орайды жақсы пайдаланды. Өмір екі келмейді, өгіз аттай желмейді деген қағыйданы мықтап ұстанған ол арыстан мінезді жігіт ағасы шағында ештеңеден тайынған жоқ. Өз жұмысын ойдағыдай орындап асайтынын асап, жасайтынын жасап, бұл жалғанды жалпағынан басып паңдана жүргеніне міне тұп тура жиырма жыл. Ол аудандық кадрлар мекемесіне бастық болып тағайындалды. Мамық кресло оған паңдық пен пасықтықты қатар сыйлады. Деседе алып та, шалып та жеуді ауылда жүрген кезінен – ақ жақсылап үйренген оған майдай жақты.
Ол қол астындағыларға жұмыста қатаң талап қойятын және керемет жері олармен жақсы тіл табысатын,сондықтан да жылдық қызмет көрсеткіші тамаша нәтижеге жетті, бұл еңбегінен бүкіл аудан таңданды.
Алла оған бақ берді, бірақ Әмірбек бұл нығыметті Алланың беріп отырғанын сезген жоқ, ол тек өзім–өзімнің мықтылығымнан деп күпіршілікке бой алдырды.
Міне Әмірбек аудан әкімінің орынбасары болды. Әкімдік оны одан бетер паңдандырып айяғының басын қайқайтқыза бастады. Ол аулылға көп барып фермырлардың хал–жағыдайын білуді әдеттке айналдырды, себебі ол ауыл–шаруашылығына жауапты әкім блолатын. Оның жұрт таңғалатын бір жері ол сіңірі шыққан кедей қара шарауаның үйіне көп барып солармен шүйіркелесе әңгімелесіп бір шәугім қара шайын бөліп ішкенді жақсы көретін.
Жылдан аса аудан әкімінің көмекшісі болған оған Алла тағы бақ берді. Ол аудан әкімінің нақ өзі болып таққа жайғасты, Әмірбек енді шындап әмірін жүргізді.
Ол әуелі туыс туғанын жарылқады, отбасында отырған әйелдергеде қызметкер ретінде үкімет ақшасынан жақсылап айлық төлетті. Балаларын жоғары оқу орындарына ақылы түрде оқытты. Алам дегенін алды, берем дегенін берді. Ол қайда барды оның алдында таудай ет көлдей сорпа дайын тұрды, оған көрсетілетін си–құрімет шексіз болды. Үйінің іші сырты байлыққа батты, ауыздарынан ақ май ағып аспа–төк өмірге белшесінен батып іріп–шіріп жатты.
Осы күндерін торы аттың төбесінде келе жатып ойлап үлгірді, енді міне әйелінің көзіне шөп салған күндері есіне түсіп, өзінше бақай қулықпен жымиып қанша көңілдес, қанша басқа әйелі, тек былай жақындадым деп әйелдердің тізімін жасап саусақтарын қайта–қайта ашып жұмып отырып үлкен тырассаға жеткенін де сезбей қалды. Бағанағыдай емес Әмірбек әбден сабасына түсккен.
Тас жол бойында көлік күтіп тұрған олардың алдына бір кішкентай мазада авто көлігі келіп тоқтай қалды, артынан шығып тұрған түтініне қарап оны жақтырмай өткізіп салды, артынша келген автобусты мүлде жақтырмады.
Енді міне оның бағыма сорыма судай жаңа қап–қара көлік келіп тоқады, ол қуанғаннан бірден мінді, құйғытқан көлік жол талдайын деп тұрған жоқ, әп –сәтте жолдың быраз бөлеген басып үлгірді. Бұл жүрісі сайын сахарадағы сайгүліктерге әбден ұқсады. Жолың бір бұрылмасына жеткенде алдарына н жолдан өтіп бара жатқан дау тарғыл сиырды көрді. Үлкен жылдамдықпен келліп тарғылды тарс еткізе қақты. Жойқын соғылсудан сиыр тоңқалаң асып көліктің быт– шыты шықты. Шала жансар күйдегі көлік жүргізушісі мен Әмірбекті аудандық емхананың жан сақтау бөліміне жеткізді. Әмірбектің келіншегі дін–аман. Таңғаларлық жайіт, тіпті еш жері де ауырған жоқ.
Ай жер шарны еш қәтеліксіз айналып, жұлдыздар өз орындарынан жаңылмай аспанда самсып тұрды, жер шары тоқтаусыз күнді айналып жатты, құстар ағаш басында Алла деп зікір салып, он сегізмың ғалам Ұллы Аллаға бас иіп өз қызметтерін қалтықсыз атқарып тұр, тек адам ата ұрпақтары бұл заңдылықты әзірге толық сезе қойған жоқ.
Әмірбекте ақырындап есін жинады, бірақ ол тағыда Хақты танымады, танымағыны сол талтаңдап баяғы жүрісіне қайта басты, тіпті ол ауыру төсегінде жатып өз беделін бұлданды, кім көңілін сұрап келді, кім келмеді, бәр–бәрін есепке алды, ол келмегендердің кесірінен жол апатына ұшырағандай болып, оларға тісін батырғысы келіп өзін зорға ұстады.
Зейнетке де еселеп айлық алып шықты.
Дастарханның басында атасы мен апасының қасында ерке немересі Еркеш отыр, көл–көсір дастарханда тамақ ішіп жатты. Апасы абайсызда тамаққа аузын күйдіріп байбалам салды, сонда Еркеш Аппа Аллаға бір жерің жақпай қалған–ғой дегені, оны тыңдаған Апасы жоқ. Атасы Әмірбек немересінің сөзіне таңқалды, расында солай да шығар деп Хақ жөнінде тұңғыш рет ойлады. Бірақ ары қарай ойлауға батылы бармады.
Адамның аузына әр сөзді Алла салатынын ол сезген жоқ.
Әмірбек енді міне Пайғамбар жасына келді, ол әлі де Алланы танымады, тек көзбен, ақылмен төңірегіне көз салды, жүрекпен бұл дүнйені танығысы келмеді.
Ол ғайыптың ісін сезген жоқ, ақылды адам болып, бәрінен қисын іздеуді әдеттке айналдырғалы қашан.
Жақыннан бері оның қол аяғы сырқырап ауы жұр, батыс медцинасында арақ ішсе буын ауыруын емдейді дегенді естігелі бері, ол әр күні арақ ішетінді шығарып алды. Жанында немересі бар Әмірбек өз дарбазасынан шыға бере жығылып бел омыртқасын үзді. Бұл жолы оының көңілін сұраған көп адам болмады. Көңілін сұрай келген қажы шалдың әңгімесі оған терең ой салды. Енді намазға жығылайын десе бел омыртқасы жарамайды. Ол енді бар үмітті немересі Еркешке артып көңілі босап, жаны жасып, іштей егіле бастады, бірақ енді бәрі кеш еді...