Нұрхалық Абдырақын. Монолог (әңгіме)

Oinet.kz 04-11-2020 1335

ӘңгімелеріӘңгімелері

«Адам азбай Хақ жазбайды»

халық мақалы

Қара жол, қайшалысқан машиналар толқыны арлы-берлі зулайды, барлық көлік белгісіз бір жақтарға асығып бара ды. Сол асыққандардың біреуі Жайдарманда досының алқына соққан телефонынан көлік тізгініне отырды. Үйден шығарда Алланы есіне алып «мұсылман қорғанын» енді қолына алғаны сол көршінің «жип» мінгіш қатыны жаяу кетіп бара жатқанын көріп көңіліне күпірлік келе қалды. Бар ынта жігері досының науқастанып жүргенінде, оның үстіне көлігінің сынып жолда қалғаны жанына батты. Қардың түнімен жауып, жолдың көк тайғақтығында ұмытты, бар пәрменімен көлікке ерік берді. Құйғытып келе жатқан Жайдарман шұғыл бұрылысқа келіп жеткенін бірақ білді, асығыс тормоз басты, тайғанаған көлік сырғанаған күйі қарсы бағытта келе жатқан ақ машинаны жапырып өттіп барып бірақ тоқтады. Қалтасының қалыңдығыма жоқ басқа ма жайшылықта сабырсыз Жайдарман көліктен бұл жолы жайбарақат түсті. Көлік жүргізушісі әйелде дін аман екен Алла сақтапты. Сол майданда ақшасын беріп оны жолға салды.

Жайдарманның миы қайнаған қалың ойдың тұманына шөкті...

Есіне бірден өзінің биылғы жылы мүшел жаста екені келді. Ата-бабалары мүшел жас жөнінде көп айтатыны басында қалыпты. Бір кітаптардан оқығаны бар еді, адамның мүшел жасында барлық ағза мүшелері әлсіреп, энергиясы таусылып, болмайтын жерден кедергілерге тап болатынын. Бірақ мүшел жас жөнінде қасиетті «Құран» кітабында жазылмаған, сондықтан ол туралы ойланудың қажеті жоқ, деседе сақтанудың еш артықтығы жоқ, сақтансаң сақтайын дейді Алла.

Ми тынымсыз жұмыс істеуде. Жайдарман қанша ұйықтайын десе де ұыйқтай алар емес. Алдыңғы аптада ауылда тұратын әке-шешесін емханаға алып келіп, қаратып еді, сол кезде дәрігердің жазған кейбір дәрілерін уағында ішкісі келмеген анасына ащы даусы шыға айтқаны есіне келіп қатты өкінді.

Әкесімен де бүгінгі ата- бала- немере сынды бір ғасырдағы үш ұрпақтың ой –пікір сабақтастығының жоқтығынан көп істерде көз қарастары бір жерден шыққпай дұз дараздыққа да барушы еді. Бірақ қай әке- шеше туған баласына жамандық ойлайды дейсің.

Осыдан бір күн бұрын дүкендегі кәріс сатушы кемпірдің орысшша сөйлегеніне, қарсы уәж айтып оны біраз ренжіткені есіне келді, өзінің мінезінің қатқылдығына налыды. Осы жолғы соңғы емтиханда шәкірт ақы алып оқитын студентке бір бал жеткізбей қойып ақшасын қидыртып тастағаны да есіне оралды. Бірақ ол мүлде оқымайтын, сабаққада келмеуші еді деп өзін Алла алдында ақтады. Келіншегінің сол күні таңертең қылмың қағып намаз оқитын бөлмесінде жатқан оның еркектігін қоздырғаны есіне оралды, артынша ғұсыл алып еді, деседе ол екі жылдың жүзі болды, дәретсіз жер баспауға тырысатын, себепсіз намаз қаза қылмайтын.

Балаларының қызыға тамашалайтын, қалың машинаның жарысын көрсететін қуыршақ фильмдеріндегі көліктер сияқты жарысқысы келіп те жүргеніне күлкісі де келді. Сонда баллларына көлік тізгіні тисе қайтпек?

Жақынғы кездері қалтасы қалыңдағанға үйіме интерниет қостырмаймын, онда отандық интерниеттің салмағы төмен, өңкей жылтыңдаған жаман жарнамалар көп деп жүрген оның ойы өзгеріп, әйтеуір ақша жұмсайтын жер іздей бастаған. Барлығы адамның ниетіне байланысты болады емес пе деп өзін кінәлай бастады.

Досымның да ауыр энергиясы бар, әйтпесе неге оның көлігі қайта-қайта сына береді, міне сол үшін жолға шығып үлкен шығынға ұшырады.

«Базарда қоржын жоғалтқандар көп» деген қожанасырдың сөзі есіне түсті. Шынымен де Алла Тағала әр сағат –минуттің өзінде қанша тіл алмас күнәға барғыш, күнәсін біліп тұрып қайталағыш пенделерін жазалап отыратынын кім білсін? Ал Алла деп жүрген жандарды ғайыптан жақсылықтарды басына жаңбырдай жаудыратынын да біз сезе бермейміз. Олардың жаны жайсаң, ұйқысы тыныш, бұл дүниенің өзінде бейштің төрінде қамсыз күн кешіп жатқандай. Ал бәз біреулер байлығы асып-тасып жатқанымен жаны құлазыған, іші әлем-тапырақ, «жип» мініп асығып бара жатады. Байдың мұңы шынында ащы мұң, олардың жанында тыныштық жоқтығын біз білмейміз. Кедей қатықсыз қара суға семіріп те жүр. Бұлда Алланың шеберлігі.

Осыдан екі күн бұрын інісі Алла ризалығы ұшын мештке пітір-садақа берсек дегенде қазір қолдарыңда дайын ақша болмаса кейінрек мал семіргенде бір мал беріндер дегіні есіне түсті. Інісіне хабарласты ол мешітке өздері байлап семіртіп отырған бір қойын бергенін естіп, Алла мені сақтаған екен Алла ризалығы үшін берген пітір-садақа мені ажалдан сақтапты, деп көзіне жас алып Алланың рахымдылығына шексіз риза болып, тәубе, шүкір, шүкір деп ойынан сап тиылды.

Алла Тағалаға бұл дүниенің шыбының қанатындай құны жоқ сондықтан, байлықты мұсылманғада кәпіргеде бере береді, ал иманды тек Алла қалаған адамына-ғана береді, Жайдарман соған қуанды.

Нұрхалық Абдырақын. Ақ бұлт (әңгіме)
Нұрхалық Абдырақын. Әмірбек (әңгіме)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу