Нұрхалық Абдырақын. Ақ бұлт (әңгіме)

Oinet.kz 04-11-2020 1070

image.png

Батысты бетке алып өз биігінде келе жатқан ақ ұшақ іші толған адам, әр баста әр қиял. Біреулерге түкте таңсықтығы жоқ қалыпты жағдай, адам жасаған қу темір жанар майын құйса болды, ұшады, қонады, бұл дегеніңіз бүгінгі ғылым техниканың жетістігі деп қауіпсіздік ережелерін де сақтамай, «қауіпсіз емес аймақтардың» өзінде, ұшақтың көкке қарай ышқына ұшып келе жатқанын елеместен алшаңдай басып арлы–берлі ойқастайды. Ал біреулерге ештеңеде қызық емес өмірге келдік, бір күні ажал жеткенде бүл дүниеден кетеміз деп барлығына дел-сал, ұйқылы ояу самарқау күй кешіп, басы сылқылдап, мойны былқылдап қалғып-мүлгіп отыр. Енді біреулер одан да ары қалың ұйқыға ерік беріп күндізін түнге айналдырып, өлі тірліктің салмағын асырып, АЛЛАның берген өлшеулі ғұмырын қолдан қысқартып әлек. Тағы біреулер көз алдындағы қызылды-жасылды мына дүниеге алданып, жанның рахаты осы деп әйелдің жалаңаш денесін жарнама жасайтын тележәшіккке телміріп отыр. 

Енді біреулер пысыр-пысыр әңгіме ағызып келесі біреудің құлағын қыздырып, «өз етін-өзі жеп» ақшулан бұлттардың арасында АЛЛАға жақындаған сайын күнаға белшесінен батуда. Енді біреулердің қолында кітап өзі сияқты бір пенденің қиялынан туған сұлу сөздердін оқып, өз алдына бір әлемде маңғаз бейна танытады. Ал ешкімге тумысынан ұқсамайтын еркек бітімді терең ойлы Бағила басқаша ойда отыр. Ол терезенің жақтауынан жан-жағына қарап көз алдындағыны «Пікір» етіп, ұлпадай ақ бұлттардың үстінде ұшып келе жатққанына жаратққанға міәжат жасап, дұғамен сапарын бастады. 

О, баста әуе жайға келе жатып жер бетін қалықтап келеді, аппақ та ақ ұлппа бұлттар шынымен де ғажап, адамның шектеулі ақылы жетеде бермейтін АЛЛАның шексіз қүдіреті. Ал біреулер физикамен, жерден көтерілген қою қара түтіндер деп топшылайды, адамдар жасаған жағымсыз да қап-қара түтіндер дәл осындай ертектегі қор қызынан да аппақ бейнеге еніп, көз жеткісіз алып аспан әлемінің бір қабатын мызғытпай ұстап тұра алама? Тіптті шоқ-шоқ ақ мамық бұлттар сан бейнеге еніп, сені ерксіз өз әлеміне алып кетеді, мүлде адам сенгісіз ертегі, өткен балалығыңыды қайта тауып мәз боласың артынша өзің білмейтін таңғажайып әлемге енесің, міне бұл мета физикалық әлем болса керек. Он екі қат көктің ендігі бір қабаты көп-қөкпенбек ашық кеңістікке көтерілді, В-5020 бойнік маркалы Ухан-Урмчі-Алматы бағытындағы ұшағын адам жасасада оның өзіне тән энергиясы, рухы бар екенін Бағила әбден сезді, ол күнде көктте қалықтаған сайын оның өз алдына біз біле берметін мета физикасы барына сенді. 

Жер бетіндегі тарам-тарам жолдар мен былдырықтай көрінетін буалдыр қыбыр-қыбыр тіршілік ауылдағы атасының қатпар-қатпар бетін, әжесінің әжім-әжім самайын көз алдыма еріксіз оралтты, АЛЛА шебер қолымен көктен жер бетінің кішірейтілген суретін адам бетіне салып қойған ба деп таң қалды Бағила. Адамға АЛЛА шексіз еркіндік пен ештемеге ұқсамайтые сұлулықты силапты, әр жер бетіндегі жыбыр еткен тіршіліктің өз қызметі болатыны сияқты, әр адамның да өз алдына мамандығы, дарыны да болатыны шындық. Ал осы мүмкіндікті істеткен- істепегенің жөнінде арғы дүниеде сұралатының да шындық. Қалам ұстағандардыңда барлығы көкке көтерілсе, тым болмаса жылқы тектес жел қағатын биікке шықса болды, шабыттың тайына мініп адамдар арасынан өза шабатынымыз да шындық деп өз қаламгерлігіне алғаш рет іштей сүйінді Бағила. Деседе түмандар «шайтандар» жерге шөгіп адамдарды адастырғанымен қоймай, ақ ұлппа бұлттардың арасына де еніп, одан да өрлеп көк аспанға қол созып, адамдарды адастыруын қоймай келеді. Сондықтан де кейбір аға апаларымыздың шайтани дүниелер жазуы бекер емес. Біздерді адастыратын біздерден бір саты ғана биік тұратын сүреңсіз де алды бар арты жоқ тұмандардан құтылып, ақ бұлттар әлеміне ене алсақ қалай ғана рухымыз тазарып, жанымыз жадырар еді ау, сосын да пак те кіршіксіз аспан кеңістігінде еркін самғап, санамыз сара жолмен өз биігін тауып, адамдардың барлығы бақытты болар ма еді... 

Ақ ұшақ тағыда биікке өрлеуде Бағиланың салмағы жеңілдеп ойы ауырлап барады....белгісіз биікте белгісіз әлеммен тілдесе бастады...Түскі астың рыздығы оған шашылды, алдына әуелі сирдың суретті бар ақ сүт келді. Біз адамдар өз туған перзенттерімізге емшек сүтімізді беруге шамамыз келмей, базардан басққа бірдеңенің сүтін беріп бағатынды таптық, ал мына сиыр өз бұзауы тұрмақ бүкіл адамзатққа, қала берді тіршілік атаулығыда өз сүтін аянбай беріп, бүкіл тіршіліктің анасы саналып отрмайма? Бұған осыншама көл-көсір сүтті берген кім, ол бір төрт аяқтты мақұлық, ана индияндардың қала көшелерінде сирдың шолжиып жататыны, Муса пайғамбар ұрпақттарының бұзауды пір тұтуы бекер емес, хайуандардың ішінде осы сиыр өлгенін жоқтайтын да жалғыз жануар... деп өз ойынан өзі шошып Бисымылллаһ деп жанындағы Сәулеге көз салды, ол сиыр сүтін қылғытып жатыр...

Баубек Бұлқышев. Қорқынышты түс
Нұрхалық Абдырақын. Монолог (әңгіме)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу