Мейрамбек Бесбаев "Парасат" орденімен марапатталды

Oinet.kz 22-05-2026

"МузАрт" тобының мүшесі, танымал әнші Мейрамбек Бесбаев "Парасат" орденімен марапатталды.

Screenshot_10.jpg

Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, жұрттан сүйінші сұрады. Марапатты премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстаған.

"Сүйінші, қазақ елі! Мейрамбек досым "Парасат" орденімен марапатталды! Қазақ өнеріне бергенің де, берерің де көп. Абыройың асқақтай берсін. Ақ жүрегіммен қуаныштымын, досым! Жаса, қазақ өнері!" - деп жазды ол.

Вице-министр салық органдарының әрекетін қолдады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу