Жанна Елеусіз. Жұмақ

Oinet.kz 18-08-2020 730

image.png

Жанымды ұқпай мезгілі,

Жауратсын, мейлі, түнгі ызғар...

Жабырқап жүрген бір қызға,

Жазықты емес – жұлдыздар...

Сарқыса соңғы тамшысын,

шөліркеп жатқан көп белге...

Ұмытып бүгін кеткенге,

кінәлі емес – көктем де...

Кінәлі емес Аспан, Ай –

Арманның алыс құлашы...

Өлеңдерімнен сұрашы,

өртеніп барам, расы...

Айыпты емес Алтын Күн

Алладан еді – Үрлігім...

Айқара ашқан түндігін,

ақ Орда болды – тірлігім...

Тәубамыз осы – Тәңірге

Өзгере алмас шындығым:

Өмірлеріммен – құндымын,

Өлімдеріммен – мұңдымын...

Білмейді, бәлкім, ғылым да...

Жетпейді оған шырын да...

Күнәсіз мынау Дүние –

Жалғыз-ақ менің жырымда!..

Жанна Елеусіз. Дүниенің ТӨРТ бұрышы бар дейді.
Жанна Елеусіз. Сен де мендей жаныңды мұңға малып
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу