Қазақстандықтардың жеке деректері жабық сайт арқылы шетелге сатылған

Oinet.kz 17-06-2026

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратурасы және Чехия полициясы бірлесіп, Қазақстан мен ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін заңсыз сатумен айналысқан халықаралық қылмыстық желінің қызметін тоқтатты. 

Screenshot_2.jpg

Бірлескен тінту шаралары барысында жабық интернет ресурс арқылы жұмыс істеген қылмыстық схеманың ұйымдастырушылары ұсталды. Олар азаматтардың жеке мәліметтерін заңсыз жинап, сатып отырған.

Ұзақ уақыт жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде Қазақстан мен ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін заңсыз сатып келген халықаралық қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.

Тергеу барысында анықталғандай, топ мүшелері нақты жүйемен жұмыс істеген: бір бөлігі деректерді заңсыз жинаумен айналысса, екіншілері тапсырыстарды қабылдап, өңдеген, ал тағы бір бөлігі алынған қаражатты дроп-аккаунттар арқылы, заңсыз жолмен қолма-қол ақшаға айналдырған.

Бірнеше қалада, Чех Республикасындағы Усти-над-Лабем, Астана, Алматы және Қарағандыда күдіктілердің тұрғылықты жерлері бойынша тінту жүргізілді. Нәтижесінде цифрлық құрылғылар мен ақшалай қаражат тәркіленіп, қылмысты дәлелдейтін материалдар алынды. 

Ішкі істер министрлігі Киберқылмысқа қарсы департаментінің басшысы Жандос Сүйінбайдың айтуынша, қылмыстық схеманы ұйымдастырды деп күдікке ілінген тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.


Қазақстан бюджет тапшылығын жабу үшін 600 миллион доллар қарыз алайын деп отыр
5 пәтер, бірнеше жер телімі, көліктер: "Kizdar.net" сайтының ұйымдастырушыларынан бірнеше
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу