Депутаттар Amanat "Әділет" партиясына қосылу себебін түсіндірді

Oinet.kz 13-06-2026

Amanat пен "Әділет" партиясының бірігуі туралы шешім қабылданғаннан кейін депутаттар мұның себебін түсіндірді. Алайда депутаттардың ойы бірден шықпады. 

Screenshot_1.jpgЕрлан Қошанов екі партияның бірігуін "ескі Қазақстанмен қоштасу" деп түсіну қате екенін айтты. 

"Біз ешкіммен қоштаспаймыз, ешкіммен сәлемдеспейміз. Біз алға жылжып келеміз. Қазіргі уақытта өмір сүріп жатырмыз. Жаңа Конституция қабылданды, алда үлкен жұмыс тұр. Сондықтан артқа қарамаймыз және ешкіммен қоштаспаймыз", – деді Ерлан Қошанов.

Оның айтуынша, бұл шешім ең алдымен екі партияның көзқарастары, идеялары және электораты ұқсас болғандықтан қабылданған.

Ал Ерлан Саиров екі партияның бірігуін бұрынғы саяси жүйемен символикалық түрде толық қоштасу деп санайды.

"Amanat пен “Әділеттің“ бірігуі – Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси жүйесімен толық қоштасу. Ашық айту керек, Amanat-тың артында әлі де Нұрсұлтан Назарбаевтың ықпалы сезіледі. 1 шілдеден бастап Қазақстан жаңа дәуірге және жаңа саяси жүйеге қадам басады. Сондықтан жаңару партия деңгейінде де жүруі тиіс. Негізгі міндет – Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси салмағынан толық арылу", – деді депутат.

Асхат Аймағамбетов болса бұл шешімді ертелі-кеш қабылданатынын білген. Ол мұны саяси күштердің бірігуімен байланыстырды. Депутат ең алдымен елді одан әрі дамыту үшін ресурстарды біріктіру туралы сөз болып отырғанын айтты, ал бұл шешім съезд делегаттары тарапынан бірауыздан қолдау тапқанын атап өтті.

Жекеменшік мектептер "өлі жандар" арқылы бюджеттен миллиардтаған қаржы жымқырған
Дәния Еспаева "Ақ жол" партиясының жаңа төрайымы болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу