Былтыр бюджетке жоспарланған көлемнен 335 миллиард теңге аз қаржы түскен

Oinet.kz 10-06-2026

Бюджет тапшылығын қысқарту жоспарларын жүзеге асыру қиынға соғуы мүмкін. Ал бюджет кірістеріне қатысты болжамдар шынайы көрсеткіштерден жоғары болған. Мұны Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді. 

Screenshot_15.jpg

Әлихан Смайыловтың айтуынша, 2025 жылы экономика көлемі күтілгеннен 9 триллион теңгеге артқаны. Десе де бюджетке жоспарланған көлемнен 335 миллиард теңге аз қаражат түскен. 

“Мұның бәрі жоспарлау жүйесіндегі кемшіліктер мен салықтық болжамдардың шектен тыс жоспарлануы себеп болып отыр”, – деді Смайылов.

Жоғары аудиторлық палата төрағасының сөзінше, аудиторлар бұған дейін де кірістерді болжау әдістемесінің бұзылғанын анықтаған.

“Есептеулер кезінде негізсіз жоғары көрсеткіштер пайдаланылып, қолданыстағы әдістемеде қарастырылмаған қосымша түсімдер де есепке алынған. Оындай асыра бағаланған болжамдар келесі жылдары салық базасының қысқаруына алып келеді”, – деді Смайылов. 

Әлихан Смайыловтың айтуынша, 2025 жылы бюджетке 2026 жылға тиесілі 154 миллиард теңге көлеміндегі төлемдер есептелген. Сонымен қатар мемлекет салық төлеушілерге қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша шамамен 900 миллиард теңгені қайтармаған.

“Мұндай шаралардың өзі бюджет кірістері мен шығыстарын теңгеруге мүмкіндік бермеген. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жоспарланған 244 миллиард теңге бөлінбей қалды. Сонымен қатар едәуір көлемдегі кредиторлық берешек қалыптасты”, – деді ол.

Смайылов бюджет тапшылығы әлі де айтарлықтай деңгейде қалып отырғанын айтты. Оның айтуынша, тапшылықты қысқарту жөніндегі жоспарлар қабылданғанымен, аудиторлар олардың іске асатынына күмәнмен қарайды.

Заңсыз декреттік төлемдер бойынша тергеу жүріп жатыр
«Спорт басқармасының басшыларына береміз» Шымкентте директор қызметкерлерінен осылай деп ақша жинаға
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу