Тоқаев Си Цзиньпинді құттықтады

Oinet.kz 15-06-2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

Screenshot_2.jpg

Президент хатта ҚХР төрағасы Қазақстан мен Қытай арасындағы мызғымас достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген мәңгі жан-жақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға зор үлес қосқанын атап өткен.

Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының қазіргі "алтын отызжылдық" кезеңінде екіжақты ынтымақтастық жоғары қарқынын сақтай отырып, одан әрі нығая түсетініне және ықпалдастықтың жаңа бағыттарын қамтитынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Қытай халқына бақ-береке тіледі.

Нұрайдың өліміне қатысты іс: тергеу аяқталды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу