Нұрайдың өліміне қатысты іс: тергеу аяқталды

Oinet.kz 15-06-2026

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты соталды тергеу аяқталды. Бұл туралы марқұмның отбасының адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді.

Screenshot_1.jpg

Аянхан Омаровтың айтуынша, жәбірленуші тарап қылмыстық істің 7 томымен танысып, олардың көшірмесін алған.

"Бұл іс бойынша тергеу аяқталды. Қазір процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр. Осы процедура аяқталғаннан кейін іс сотқа жолданады. Танысу барысы туралы қосымша ақпарат кейінірек беріледі", - деді адвокат.

Еске салайық, 2026 жылы 11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы қыз көз жұмды. Кейін күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық жерде ұсталды. 

Геннадий Головкин ресми түрде даңққа кенелді
Тоқаев Си Цзиньпинді құттықтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу