Жұмекен Нәжімеденов: Көкте жұлдыз, жерде жұлдыз

Oinet.kz 24-08-2020 1043

5b6a4c56a27e94f39f0ffad2c15a33b8.jpg

Аспан жаққа шақырады мені өлең,

Шақырады аспан төніп тұрып төбеден.

О, жұлдыздар, алыс едің сен неткен,

О, жұлдыздар, жақын едің не деген!

Тамшы терді сығып алып денеден,

Жұлдыз қылып жағайыншы деген ем...

Оу, көк аспан тесіліпті-ау тегенең,

Тегенеңде құюлы екен көп өлең.

Сол аспаннан албырт сәуле себелеп

Жер төсіне құлап жатыр не керек!

Сол сәуле боп дүниені кездік біз.

Сол жұлдызбен жерімізді шегелеп!

Маужырап тұр, тыныш-ақ қой түн біздің,

Тыныштықты осы түнге мінгіздім.

Жалғыз ғана… есіледі жыр жолы,

Сәулесімен араласып жүлдыздың.

Әр тірліктің түні мынау, күндізі –

Әр тірліктің жұлдыз болып күлді ізі.

Жұлдыз көп қой, жұлдыз көп қой аспанда,

Одан да көп біздің жердің жұлдызы!

Жұмекен Нәжімеденов: Тау төсі ақ көбік, ақ айран
Жұмекен Нәжімеденов: Айлар, айлар барады өтіп сан айлар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу