Жұманғарин елдегі шағын бизнестің жаппай жабылуына қатысты сауалға жауап берді

Oinet.kz 13-05-2026

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин салық реформасынан кейін шағын бизнестердің жаппай жабылып жатқаны туралы мәліметке пікір білдірді. Оның айтуынша, алаңдауға негіз жоқ. Ал жарияланған статистиканың бір бөлігі толық мәліметсіз берілген.

Screenshot_2.jpg

Журналистермен әңгіме барысында Жұманғарин 207 мың шағын және орта бизнес субъектісінің жабылғаны туралы сұраққа ашумен жауап берді.

“Сұрақтарды өздеріңіз ойлап табатын сияқтысыздар!? Қандай әрекет туралы айтып отырсыздар? Үкіметте кез келген жағдайға арналған жоспар бар. Бірақ сіздер айтып отырған сценарийлер жүзеге асады деуге қазір негіз жоқ. Төрт айдың қорытындысы бойынша экономика 3,6% өсті. Оның үстіне біз шамамен 5 миллион тонна мұнайды ала алмадық. Егер сол көлем экономикаға түскенде, өсім 6%-дан асып кетер еді”, – деді министр.

Жұманғариннің сөзінше, жабылған кәсіпорындардың басым бөлігі мүлде жұмыс істемеген немесе қызмет формасын өзгерткен.

“Шамамен 100 мың компания ешқандай қызмет жүргізбеген. Тағы 13 мың кәсіпкердің екінші компаниялары болған. Ал 39 мыңға жуық адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына өткен. 208 мың компанияның 150 мыңы іс жүзінде ештеңе жоғалтқан жоқ. Мұндай статистиканы айтқанда, оның ішіне үңіліп, бұл компаниялармен нақты не болғанын қарау керек. Қалғанының бәрі – табиғи процесс. Жыл сайын шамамен 100 мың компания жабылады, биыл да солай болды. Олардың орнына 99 мың жаңа компания келді”, – деді Жұманғарин.

​Главой государства подписан Указ
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу