14 жыл бұрын болған кісі өлімі ашылды

Oinet.kz 14-05-2026

Қызылорда облысында 14 жыл бұрын болған кісі өлімі ашылды.

Screenshot_1.jpg

Қайғылы оқиға 2012 жылы қазанда Қармақшы ауданы Жосалы кентінде болған. Топтық төбелес кезінде жасөспірім пышақ жарақатын алған. Ол аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған. Жәбірленуші есін жимастан көз жұмған.

Оқиғадан кейін төбелеске қатысқан адамдар анықталып, тексерілген. Алайда тікелей дәлелдер мен куәгерлер болмауына байланысты қылмыс ұзақ жыл бойы ашылмай келген.

"Биыл жедел тергеу тобының мұқият жұмысының нәтижесінде басты куәгер анықталып, оқиғаның толық мән-жайы ашылды. Жедел іс-шаралар барысында полицейлер күдіктіге шыққан. Ол сол төбелеске қатысқан адам болып шықты және басқа ауыр қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан. Күдікті Қызылорда қаласындағы тергеу изоляторына жеткізілді. Жиналған дәлелдердің арқасында ол өз кінәсін мойындады. Тергеу барысында қылмысқа жастар арасындағы өзара араздық пен жанжал себеп болғаны анықталды. Қазір күдікті қамауда отыр, қылмыстық іс сотқа жолданды", - деді ІІМ криминалдық Полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Еңбек министрлігі ең төменгі жалақыны көтеру мәселесіне қатысты пікір білдірді
Мұқасан Шахзадаев соққыға жыққанын айтқан әнші тағы да ел алдына шығып, мәлімдеме жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу