Тоқаев AMANAT-тың бұрынғы төрағасы Қошановқа қызметі үшін алғыс айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының бұрынғы төрағасы Ерлан Қошановқа аталған лауазымдағы еңбегі үшін алғыс айтты. Тоқаев партия мүшелерінің жуырда өткен съезде жаңадан құрылған "Әділет" партиясына қосылу жөнінде қабылдаған тарихи шешімдеріне ризашылығын білдірді.

“Президент елімізді жаңғырту, заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпке негізделген әділетті Қазақстанды құру ісіне AMANAT партиясының елеулі үлес қосқанын атап өтті. Мемлекет басшысы партия мүшелерінің "Әділет" партиясының қатарында да ел игілігі жолындағы белсенді әрі жемісті қызметін абыроймен жалғастыра беретініне сенім білдірді”, – делінген хабарламада.


