Немерелер думан етер үйіңді. Өлең
Немере үйге жиылды,
Үлкені тұрып бұйырды.
Кішкентайларды жылатпай,
Үй жинаңдар деп түйілді.
Балалар мұны тыңдай ма,
Бірікпес басы мұндайда.
Бір-бірін қуып шулайды,
Тигенше таяқ маңдайға.
Не болса, соған таласар,
Ұрып-соғып жылатар.
Тартып ап, қайта береді,
Сонысымен жарасар.
Далаға шығып доп тебер,
Өзінікін жөн көрер.
Келісе алмай таласып,
Сол нәрсеге өкпелер.
Серік Дербісбаев