Мені ақын қыздардың тағдыры алаңдатады

Oinet.kz 24-09-2022 2031

Қай кезеңге қарасаңыз да, әлем әдебиетінде болсын, қазақ әдебиетінде болсын, әйел қаламгерлер ерлерге қарағанда аз болатын. Әрине, тарихта қалғандары. 

Screenshot_3.jpg

Қазіргі қазақ әдебиетінде біршама ақын-жазушы әпкелер бар. Олардың тұрмыс құрып та өздерін жоғалтып алмағанына қарап қуанасың.  Ертең тарих бетінде қайсының жұлдызы жарқырап тұрар екен?.. Бұл уақытқа қойылған сұрақ. Жауабын кейінгі ұрпаққа бере жатар.

Мені әлі отбасын құрмаған ақын қыздардың тағдыры алаңдатады. Аздап... Легімен жарқ етіп пайда болып, кейіннен жоқ болып кетіп жатады.  Бірі өз еркімен, бірі діни көзқарастың ықпалымен, бірі тұрмысқа шыққан соң күйеуінің айтқанымен, бірі өлеңмен қаражат таба алмаған соң, бірі хобби деп қараған соң, бірі бәлкім, жазары таусылған соң… Әртүрлі себебі көп қой. Ең танымалы — күйеуінің айтқанымен деген нұсқа.

Оған Жаратушы дарын береді, ол дарынын күйеуі қолдаудың орнына, “Өлең жазба” деп қатаң талап қояды. Демек, Жаратушыға және өз таңдауына қарсы шығып тұр деген сөз.

Жігіттерді аса білмеймін, шығармашыл қыздардың отбасын құруы қиындау. Себебі, шын таланттардың талғамы биік келеді. Және ол өркөкіректік емес. 

Отбасын құрып үлгермеген қаламгер қыздарға ішіндегі сөз-сәбиін тұншықтырып тастамайтын, түсінігі терең, кімге үйленіп жатқанын білетін азаматтың жолыққаны жақсы ғой, жолықпаса несі жақсы?.. 

Ақын-жазушы жігіттерде де сол, өзімен әңгімелесе алатын, көзі ашық қыз жолықпаса қиын. Әлде, сұлулығына тамсанып, қалам тербеп отырар ма екен? Бірақ, одан да жалығады ғой...

Арайлым Мұраталиева facebook парақшасынан

Анарбек ОРМАН: Аяғымнан шалатын туысқаным да жауым
Әйел құқығын таптатып Аллаһ қайда қарап отыр?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу