Жілікті бір ұрып сындырған Жигули Дайрабаевқа арналған өлең шықты

Oinet.kz 27-10-2022 3033

Screenshot_5.jpg

Әй Жигули, Жигули - ей,

Жілікті де сындырдың.

Бұл сайлауда құр жүрмей,

Көп нәрсені тындырдың.

Цирктегі клоундай,

Бәрімізді күлдірдің.

Сайқымазақ қылғандай,

Өзіңді де бүлдірдің.

Қуыршаққа айналып,

Кім екенінді білдірдің.

Президент боп сайланып,

Жүрмейтініңді сен білдің.

Әй Жигули сонда да,

Қатысуды жөн көрдің.

Сорлы қазақ мұндай да,

Қайдан ғана өзгердің.

Жанат Есентайдың Facebook парақшасынан

Қырғызстан президенті Қазақстанға ұшып шықты
Банктер сый жасады: Қазақстандықтардың әл-ауқаты артатын болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу