Банктер сый жасады: Қазақстандықтардың әл-ауқаты артатын болды

Oinet.kz 27-10-2022 17463

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры бүгін, 27 қазаннан бастап теңгедегі депозиттер бойынша максималды мөлшерлемені ұлғайтқанын мәлімдеді.

Screenshot_15.jpg

Қордың мәліметінше, Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтеруіне байланысты қазан және қараша айлары үшін мерзімсіз, мерзімді және жинақ депозиттер бойынша 3 және 6 айға ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелерді ұлғайту туралы шешім қабылданған. 

Банктерге теңгедегі депозиттер бойынша мөлшерлемелерді көтеру ұсынылады:

мерзімді депозиттер бойынша – максимум 16,5 пайызға дейін;

жинақтаушы – максимум 17,5 пайызға дейін.

Screenshot_16.jpg

Шешім инфляцияның жеделдеуіне және бағаның өсуі біздің болжамды бағалауымыздан едәуір жоғары қалыптасуына байланысты қабылданған. Енді депозитте ірі сомасы бар адамдар банктен әжептеуір көлемде депозиттік сыйақы алып, әл-ауқаты артады.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Тоқаев банкке берешегі көп азаматтарға банкроттық жариялау жөнінде заң қабылдайтынын мәлімдеген еді. Банкрот болған азаматтардың несиесі белгілі бір мөлшерде кешіріліп, азамат ешқашан несие ала алмайтын болуы әбден мүмкін. 

Жілікті бір ұрып сындырған Жигули Дайрабаевқа арналған өлең шықты
Қазақстанда орташа жалақы көлемі азайды - Ұлттық статистика бюросы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу